Қазақстан Ұлттық Банкі

Интернет-ресурстың мобильді нұсқасы

Инфляция бойынша орта мерзімді мақсат, % (2019 жылдың аяғында) 4 - 6
Жылдық инфляция, % (2019 тамыз) 5.5
Базалық мөлшерлеме, % (10.09.2019) 9.25
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, % (10.09.2019) 9.25
TONIA, % (20.09.2019) 9.65
Жалпы халықаралық резервтер - ҚҰБ, млрд.USD (01.09.2019) 28.2
Ақша базасы, млрд. теңге (01.09.2019) 6 602.4
Ақша массасы, млрд. теңге (01.08.2019) 19 848.0
Банктердің ҚРҰБ-дағы теңгемен кор. шоттары, млн. теңге (19.09.2019) 281061.3

Валютаның ресми (нарықтық) бағамы / 22.09.2019

USD 386.7 0
EUR 427.15 0
RUB 6.06 0

толық

Алтын / 20.09.2019

1 грамм алтынның теңгедегі құны 18 659,98  -19,79

Жаңалықтар

«Верный» сақтандыру брокері» ЖШС-на (бұрынғы атауы - «RMCG» сақтандыру брокері» ЖШС-і) сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия қайта ресімделді

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Төрағасы орынбасарының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі №370 бұйрығына сәйкес «Верный» сақтандыру брокері» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына берілген 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 2.3.25 лицензиясы қайта ресімделді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығының басшы қызметкерлеріне келісім бердi
  1. У. Вокурка – Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры «Skybridge Invest» АҚ (01.08.2019 №36/РЦБ хаттама);
  2. Т.Ж. Аюпов – Басқарма төрағасы «ҚХБ «Halyk Finance» ЕҰ» АҚ (01.08.2019 №37/РЦБ хаттама);
  3. Р.Д. Асильбеков – Басқарма мүшесі «ҚХБ «Halyk Finance» ЕҰ» АҚ (05.08.2019 №38/РЦБ/Т хаттама);
  4. Д.Х. Жакишев – Басқарма төрағасы - Директорлар кеңесінің мүшесі «NGDEM Finance» АҚ (08.08.2019 №39/РЦБ хаттама);
  5. Л.Л. Хан – Басқарма төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі «NGDEM Finance» АҚ (13.08.2019 №40/РЦБ/Т хаттама);
  6. М.В. Кабанов – Басқарма төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі «First Heartland Jysan Invest» АҚ (23.08.2019 №41/РЦБ хаттама);
  7. Б.Ш. Бакбаева – Бас бухгалтер - басқарма мүшесі «First Heartland Jysan Invest» АҚ (28.08.2019 №42/РЦБ хаттама).
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктердің басшы қызметкерлеріне келісім беруден бас тартты

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкеріне келісім беруден бас тартты:

 

Жайназаров Б.К. – «КСС Финанс» ЖШС Басқарушы директоры (2019ж. 13 тамыздағы № 83/БВУ/П хаттама).

 

келесі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Түркістан филиалы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы, 371-құрылыc, анықтама үшін телефондар 8(725-33) 5-59-62, 8(72533) 5-59-65, факс 8(72533) 5-59-65, Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жетекші маманының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Түркістан филиалы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы, 371-құрылыc, анықтама үшін телефондар 8(725-33) 5-59-62, 8(72533) 5-59-65, факс 8(72533) 5-59-65, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметшісінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру (жарияланым) орналастырылған күннен бастап (2019 жылғы 21 тамыздан бастап 5 қыркүйек  қоса алғандағы кезеңде) 10 (он) жұмыс күні ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы  ұсынуы тиіс.

 

Үміткерлер құжаттарды электронды түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға ұсына алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды пошта (tur_80@nationalbank.kz) арқылы берген үміткерлер, құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу  басталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей ұсынады. Құжаттардың түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, тұлға әңгімелесуге жіберілмейді.

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар: мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі  лауазымы үшін: Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.

Жұмыс өтілі  – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл.

Білімі - Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативті құқықтық актілерді білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жетекші маман (Ф5 тобы).

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: жоғары гуманитарлық және/немесе жоғары заң және/немесе жоғары техникалық және/немесе жоғары педагогикалық және/немесе әлеуметтік ғылымдар мамандығы бойынша жоғары білім, жаратылыстану ғылымдары бойынша және/немесе экономика, бизнес мамандығы бойынша жоғары білім және/немесе қауіпсіздік және әскери іс мамандығы бойынша жоғары білім.

Функционалдық міндеттері: құпия ақпараттардың жариялануын, сондай-ақ техникалық байланыс арналарынан алдын алу және оны іздестіру бойынша аналитикалық жұмыс жасау. Арнайы іс-қағаздар жүргізу, арнайы тексеру іс-шараларын жүргізу, режимдік талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың деңгейін талдау. Есептік ақпараттар дайындау. Тестілеу, режимдік талаптарды сақтау жөнідегі құпия құжаттармен жұмыс жасайтын қызметкерлермен жұмыс жасау, техникалық барлау қарсы іс-қимыл іс-шараларын жүргізу. Мобилизациялық ақпараттар дайындау. Азаматтық қорғаныс іс-шаралары бойынша қызметкерлерді оқыту және жұмыстарын ұйымдастыру. Құпия ақпараттарды жарияламау жұмыстарын жүргізу. Арнайы күзет қызметінің тәртібін қадағалау. Әскери есеп жүргізу және әскери қызметке міндетті филиал қызметкерлерін брондау, әскери есеп бойынша ақпарат пен есептер тапсыру. Бизнес-процесстерге тиесілі тәуекелдермен жұмыс жасау.

Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы №261  қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

 

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш. Конкурсқа қатысушы Ұлттық Банк қызметшісінің үш бос лауазымына өтініш беруге құқылы;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған көшірмесі;

6) 3х4 көлеміндегі 1 (бір) фотосурет;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Қарау үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімінен кешіктірмей ұсынған құжаттар қабылданады.

Құжаттардың бірінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

«Түйіндеменің» электрондық нұсқасын (www.nationalbank.kz «Ұлттық Банк туралы»/«Бос жұмыс орындары»/«Түйіндеме») Нұсқаулыққа сәйкес толтыру және tur_80@nationalbank.kz электрондық поштасының мекенжайына жіберу қажет.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар өздерінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) қатысты қосымша ақпарат бар болған жағдайда бере алады.

Конкурсты өткізу орны: Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы, 371-құрылыс,  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Түркістан филиалы.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурсты өткізу туралы хабарландыру;

2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкестігін қарау;

4) үміткерлерді тестілеу;

5) үміткерлермен әңгімелесу;

6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

7) кадр резервін қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетін  жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларды тестілеуге жіберу туралы шешімді конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Тестілеуге жіберілген кандидаттардың тізімі Ұлттық Банктің ақпараттық стендінде көпшілікке көрінетіндей қолжетімді жерде орналастырылады.

Тестілеудің мақсаты кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының нақты лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуін бағалау болып табылады.

Үміткерлер тестілеуге жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тестілеуден өтеді.

Үміткерлер  сынаққа жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сынақтан өтеді.

Тестілеуден өту кезінде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімдері Ұлттық Банктің ақпараттық стендінде көпшілікке көрінетіндей қолжетімді жерде орналастырылады.

Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны тестілеу аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Кадр қызметі үміткерлерге әңгімелесу уақыты, күні және өткізілетін орны туралы электрондық пошта және (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, E02H9B1, Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2а, анықтама үшін телефондар 8 (7122) 55-65-06, 55-65-02, факс 8 (7122) 32-23-04, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекші маман - инженер - энергетигінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, E02H9B1, Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2а, анықтама үшін телефондар 8 (7122) 55-65-06,
55-65-02, факс 8 (7122) 32-23-04,  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бос қызметші лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалының әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекші маман - инженер - энергетигі.

Функционалдық міндеттері:

Орнатылған электржабдықтарын, автоматтандырылған дизель электрстанциясын және үздіксіз электр қуаты станциясын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарға  техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жарамды күйде ұстау. Филиалдың электр шаруашылығына жауапкершілік. Энергетикалық жабдықты, филиалдың инженерлік тораптарын (су құбыры, жылу және канализациялық), бақылау-өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жарамды күйде ұстау, филиалға тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алулар бюджетін (шығындар сметасы) жасау үшін қажетті қуат ресурстары мөлшерінің қажеттілігін есептеу, энергия ресурстарын, шығын материалдарын шаруашылық қажеттіктерге үнемді және рационалды жұмсалуын қамтамасыз ету. Инженерлік жүйелерді, қуат қондырғыларының ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеу, көрсетілген  жұмыстарды орындауға мердігер ұйымдармен шарт жасауға арналған ақпаратты әзірлеу және мамандандырылған ұйымдардың жөндеу жұмыстарын сапалы орындауын қамтамасыз ету. Филиалдың инженерлік жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы және  электр қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, қуатпен жабдықтайтын ұйымдармен байланыс жөніндегі филиалдың жауапты тұлғасының міндеттерін орындау. Тәуекелдерді талдау, анықтау және бағалау бойынша шараларды оларды басқару және барынша азайту мақсатында жүзеге асыру.  Филиалдың автокөлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жолға шығатын кез келген автокөлікке жол парақтарын күнделікті ресімдеу. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуларды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жүргізу. Өткізу режимін (оның ішінде рұқсатнамалар) қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттарды және қызметтік куәліктерді ресімдеу, беру, есепке алу, сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары техникалық, инженер-энергетик болуы құптарлық. Орта кәсіби техникалық (энергетик) біліміне рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын», өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, электржабдықтарын пайдаланудағы қауіпсіздік Қағидаларын,  Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкімен және оның еншілес ұйымдарымен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіні, функционалдық міндеттерді орындауға қажет басқа білімдерді білу.   

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

           

 

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білім, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) 3х4 өлшемді 1 (бір) фотография;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. 

 «Түйіндеменің» электрондық нұсқасын (www.nationalbank.kz «Ұлттық Банк туралы» бөлім/«Бос жұмыс орындары»/«Түйіндеме» шағын бөлімі) Нұсқаулыққа сәйкес толтыру және atyur_80@nationalbank.kz  электрондық почтаның мекен-жайына жіберу қажет.  

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он)  жұмыс күні ішінде (2019 жылғы 14 тамыздан бастап 2019 жылғы 27 тамызды қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу орны: Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2а,  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыру;

2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкестігін қарау;

4) кандидаттарды сынақтан өткізу;

5) кандидаттармен әңгімелесу;

6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

7) кадр резервін қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға бару-келу жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Конкурсқа қатысушыларды сынаққа жіберу туралы шешімді конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Үміткерлер сынаққа жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сынақтан өтеді.

Сынақтан өткен кезде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан сынақ аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Үміткерлерге әңгімелесуді өткізу уақыты, күні және орны туралы кадр қызметі электрондық почта және  (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, E02H9B1, Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2а, анықтама үшін телефондар 8 (7122) 55-65-06, 55-65-02, факс 8 (7122) 32-23-04, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекші маман - инженер - энергетигі лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, E02H9B1, Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2а, анықтама үшін телефондар 8 (7122) 55-65-06,
55-65-02, факс 8 (7122) 32-23-04,  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бос қызметші лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалының әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекші маман - инженер - энергетигі.

Функционалдық міндеттері:

Орнатылған электржабдықтарын, автоматтандырылған дизель электрстанциясын және үздіксіз электр қуаты станциясын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарға  техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жарамды күйде ұстау. Филиалдың электр шаруашылығына жауапкершілік. Энергетикалық жабдықты, филиалдың инженерлік тораптарын (су құбыры, жылу және канализациялық), бақылау-өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жарамды күйде ұстау, филиалға тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алулар бюджетін (шығындар сметасы) жасау үшін қажетті қуат ресурстары мөлшерінің қажеттілігін есептеу, энергия ресурстарын, шығын материалдарын шаруашылық қажеттіктерге үнемді және рационалды жұмсалуын қамтамасыз ету. Инженерлік жүйелерді, қуат қондырғыларының ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеу, көрсетілген  жұмыстарды орындауға мердігер ұйымдармен шарт жасауға арналған ақпаратты әзірлеу және мамандандырылған ұйымдардың жөндеу жұмыстарын сапалы орындауын қамтамасыз ету. Филиалдың инженерлік жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы және  электр қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, қуатпен жабдықтайтын ұйымдармен байланыс жөніндегі филиалдың жауапты тұлғасының міндеттерін орындау. Тәуекелдерді талдау, анықтау және бағалау бойынша шараларды оларды басқару және барынша азайту мақсатында жүзеге асыру.  Филиалдың автокөлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жолға шығатын кез келген автокөлікке жол парақтарын күнделікті ресімдеу. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуларды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жүргізу. Өткізу режимін (оның ішінде рұқсатнамалар) қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттарды және қызметтік куәліктерді ресімдеу, беру, есепке алу, сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары техникалық, инженер-энергетик болуы құптарлық. Орта кәсіби техникалық (энергетик) біліміне рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын», өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, электржабдықтарын пайдаланудағы қауіпсіздік Қағидаларын,  Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкімен және оның еншілес ұйымдарымен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіні, функционалдық міндеттерді орындауға қажет басқа білімдерді білу.   

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

           

 

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білім, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) 3х4 өлшемді 1 (бір) фотография;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. 

 «Түйіндеменің» электрондық нұсқасын (www.nationalbank.kz «Ұлттық Банк туралы» бөлім/«Бос жұмыс орындары»/«Түйіндеме» шағын бөлімі) Нұсқаулыққа сәйкес толтыру және atyur_80@nationalbank.kz  электрондық почтаның мекен-жайына жіберу қажет.  

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он)  жұмыс күні ішінде (2019 жылғы 31 шілдеден бастап 2019 жылғы 13 тамызды қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу орны: Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2а,  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыру;

2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкестігін қарау;

4) кандидаттарды сынақтан өткізу;

5) кандидаттармен әңгімелесу;

6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

7) кадр резервін қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға бару-келу жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Конкурсқа қатысушыларды сынаққа жіберу туралы шешімді конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Үміткерлер сынаққа жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сынақтан өтеді.

Сынақтан өткен кезде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан сынақ аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Үміткерлерге әңгімелесуді өткізу уақыты, күні және орны туралы кадр қызметі электрондық почта және  (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.

келесі
келесі

Баспасөз релиздері

Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы

download

Қаржы нарығындағы ахуал туралы

download

Коллекциялық монеталарды айналысқа шығару туралы

download

Баспасөз релиздері

Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;

қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру.

Жүктелген міндеттерге сәйкес Ұлттық Банк аумақтық филиалдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Ұлттық Банк туралы ережеде көрсетілген функцияларды орындайды.

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

13 департаменттен (1 департамент Нұр-Сұлтан қаласында), 13 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат;       

17 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы.

3 есеп беретін ұйым:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Ұлттық Банк:

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» ;

«Мемлекеттік кредиттік бюро»;

«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Оқу Орталығы»;

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтингтік агенттігі»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы»;

«Қазақстанның орнықтылық қоры»;

«Баспана» ипотекалық ұйымы»

акционерлік қоғамдарының акционерi болып табылады.

 

Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй

Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799

Телекс: 251130  BNK KZ

Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727)  2704-591

e-mail: hq@nationalbank.kz



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келесі бос қызмет орындарына жұмысқа шақырады:

Орталық аппаратта

Аумақтық филиалдарда

Ұйымдар және еншілес кәсіпорындарда

Бос қызмет орындарына орналасу мәселелері бойынша мына телефондар бойынша ала аласыздар: +7 (727) 2704 660,        +7 (727) 2704 591 (ішкі 3987),  +7 (727) 2704 761.



Ақша-кредит саясаты департаменті  
Төлем балансы департаменті  
Заң департаменті  
Монетарлық операциялар департаменті  
Бухгалтерлік есеп департаменті  
Ақпараттық технологиялар департаменті  
Ішкі аудит департаменті  
Адам капиталын дамыту департаменті  
Әкімшілік басқарма  
Қолма-қол ақша айналысы департаменті  
Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті  
Төлем жүйелері департаменті  
Операциялық есепке алу департаменті  
Жоспарлау және бюджет департаменті  
Қауіпсіздік басқармасы  
Үйлестіру департаменті (Нұр-Сұлтан қаласы)  
Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы  
Қаржылық тұрақтылық департаменті  
Халықаралық ынтымақтастық департаменті  
Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті  
Банктерді реттеу департаменті  
Тәуекелдер департаменті  
Банктік емес ұйымдары дамыту департаменті  
Ақпараттық қауіп және киберқорғау басқармасы  
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті  
Ұлттық Банк Төрағасының аппараты департаменті  
Қаржы нарығының статистикасы департаменті  
Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті  
Бағалы қағаздар нарығы департаменті  
Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі  

Интернет-ресурстың толық нұсқасы

«ҚҰБ Online» мобильді қосымшасын көшіріп алу

050040, Республика Казахстан, город Алматы, микрорайон "Коктем-3", дом 21.
Факс: +7(727)2704-703,
+7(727)2617-352,
+7(727)2704-799
e-mail: hq@nationalbank.kz
Яндекс.Метрика