Қазақстан Ұлттық Банкі

Интернет-ресурстың мобильді нұсқасы

Инфляция бойынша орта мерзімді мақсат, % (2019 жылдың аяғында) 4 - 6
Жылдық инфляция, % (2019 маусым) 5.4
Базалық мөлшерлеме, % (16.07.2019) 9.00
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, % (16.07.2019) 9.00
TONIA, % (20.08.2019) 8.37
Жалпы халықаралық резервтер - ҚҰБ, млрд.USD (01.08.2019) 27.7
Ақша базасы, млрд. теңге (01.08.2019) 7 078.5
Ақша массасы, млрд. теңге (01.07.2019) 19 537.4
Банктердің ҚРҰБ-дағы теңгемен кор. шоттары, млн. теңге (19.08.2019) 337014.1

Валютаның ресми (нарықтық) бағамы / 21.08.2019

USD 386.91   0.11
EUR 428.81  -0.46
RUB 5.79   0.01

толық

Алтын / 20.08.2019

1 грамм алтынның теңгедегі құны 18 645,78  -121,60

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру нарығында басшы қызметкерлеріне келісім берді

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру нарығында басшы қызметкерлеріне келісім берді

1. Ольга Витальевна Маслова – «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ-ң Басқарушы директоры (2019ж. 05.08. №59/СО хаттама);

2. Арай Арнақызы Төкеева – «INTERTICH» ДжМСК» АҚ-ң Бас бухгалтері (2019ж. 12.08. №60/СО хаттама).

«Еуропалық Сақтандыру Компаниясы» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ға лицензия беру туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасы орынбасарының 2019 жылғы 07 тамызынан № 327 бұйрығына сәйкес «Еуропалық Сақтандыру Компаниясы» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ға «ауырған жағдайдан сақтандыру» ерікті сақтандыру түрінде «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берілді.

«Freedom Finance Insurance» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ға лицензия беру туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасы орынбасарының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 325 бұйрығына сәйкес «Freedom Finance Insurance» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ға сақтандырудың ерікті нысанында «ғарыш объектілерін сақтандыру», «ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру» және міндетті нысанында «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру», «туристі сақтандыру», «экологиялық сақтандыру» қосымша сыныптарын енгізе отырып «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берілді.

келесі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, E02H9B1, Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2а, анықтама үшін телефондар 8 (7122) 55-65-06, 55-65-02, факс 8 (7122) 32-23-04, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекші маман - инженер - энергетигінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, E02H9B1, Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2а, анықтама үшін телефондар 8 (7122) 55-65-06,
55-65-02, факс 8 (7122) 32-23-04,  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бос қызметші лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалының әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекші маман - инженер - энергетигі.

Функционалдық міндеттері:

Орнатылған электржабдықтарын, автоматтандырылған дизель электрстанциясын және үздіксіз электр қуаты станциясын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарға  техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жарамды күйде ұстау. Филиалдың электр шаруашылығына жауапкершілік. Энергетикалық жабдықты, филиалдың инженерлік тораптарын (су құбыры, жылу және канализациялық), бақылау-өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жарамды күйде ұстау, филиалға тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алулар бюджетін (шығындар сметасы) жасау үшін қажетті қуат ресурстары мөлшерінің қажеттілігін есептеу, энергия ресурстарын, шығын материалдарын шаруашылық қажеттіктерге үнемді және рационалды жұмсалуын қамтамасыз ету. Инженерлік жүйелерді, қуат қондырғыларының ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеу, көрсетілген  жұмыстарды орындауға мердігер ұйымдармен шарт жасауға арналған ақпаратты әзірлеу және мамандандырылған ұйымдардың жөндеу жұмыстарын сапалы орындауын қамтамасыз ету. Филиалдың инженерлік жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы және  электр қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, қуатпен жабдықтайтын ұйымдармен байланыс жөніндегі филиалдың жауапты тұлғасының міндеттерін орындау. Тәуекелдерді талдау, анықтау және бағалау бойынша шараларды оларды басқару және барынша азайту мақсатында жүзеге асыру.  Филиалдың автокөлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жолға шығатын кез келген автокөлікке жол парақтарын күнделікті ресімдеу. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуларды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жүргізу. Өткізу режимін (оның ішінде рұқсатнамалар) қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттарды және қызметтік куәліктерді ресімдеу, беру, есепке алу, сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары техникалық, инженер-энергетик болуы құптарлық. Орта кәсіби техникалық (энергетик) біліміне рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын», өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, электржабдықтарын пайдаланудағы қауіпсіздік Қағидаларын,  Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкімен және оның еншілес ұйымдарымен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіні, функционалдық міндеттерді орындауға қажет басқа білімдерді білу.   

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

           

 

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білім, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) 3х4 өлшемді 1 (бір) фотография;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. 

 «Түйіндеменің» электрондық нұсқасын (www.nationalbank.kz «Ұлттық Банк туралы» бөлім/«Бос жұмыс орындары»/«Түйіндеме» шағын бөлімі) Нұсқаулыққа сәйкес толтыру және atyur_80@nationalbank.kz  электрондық почтаның мекен-жайына жіберу қажет.  

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он)  жұмыс күні ішінде (2019 жылғы 14 тамыздан бастап 2019 жылғы 27 тамызды қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу орны: Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2а,  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыру;

2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкестігін қарау;

4) кандидаттарды сынақтан өткізу;

5) кандидаттармен әңгімелесу;

6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

7) кадр резервін қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға бару-келу жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Конкурсқа қатысушыларды сынаққа жіберу туралы шешімді конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Үміткерлер сынаққа жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сынақтан өтеді.

Сынақтан өткен кезде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан сынақ аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Үміткерлерге әңгімелесуді өткізу уақыты, күні және орны туралы кадр қызметі электрондық почта және  (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, E02H9B1, Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2а, анықтама үшін телефондар 8 (7122) 55-65-06, 55-65-02, факс 8 (7122) 32-23-04, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекші маман - инженер - энергетигі лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, E02H9B1, Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2а, анықтама үшін телефондар 8 (7122) 55-65-06,
55-65-02, факс 8 (7122) 32-23-04,  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бос қызметші лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалының әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекші маман - инженер - энергетигі.

Функционалдық міндеттері:

Орнатылған электржабдықтарын, автоматтандырылған дизель электрстанциясын және үздіксіз электр қуаты станциясын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарға  техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жарамды күйде ұстау. Филиалдың электр шаруашылығына жауапкершілік. Энергетикалық жабдықты, филиалдың инженерлік тораптарын (су құбыры, жылу және канализациялық), бақылау-өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жарамды күйде ұстау, филиалға тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алулар бюджетін (шығындар сметасы) жасау үшін қажетті қуат ресурстары мөлшерінің қажеттілігін есептеу, энергия ресурстарын, шығын материалдарын шаруашылық қажеттіктерге үнемді және рационалды жұмсалуын қамтамасыз ету. Инженерлік жүйелерді, қуат қондырғыларының ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеу, көрсетілген  жұмыстарды орындауға мердігер ұйымдармен шарт жасауға арналған ақпаратты әзірлеу және мамандандырылған ұйымдардың жөндеу жұмыстарын сапалы орындауын қамтамасыз ету. Филиалдың инженерлік жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы және  электр қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, қуатпен жабдықтайтын ұйымдармен байланыс жөніндегі филиалдың жауапты тұлғасының міндеттерін орындау. Тәуекелдерді талдау, анықтау және бағалау бойынша шараларды оларды басқару және барынша азайту мақсатында жүзеге асыру.  Филиалдың автокөлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жолға шығатын кез келген автокөлікке жол парақтарын күнделікті ресімдеу. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуларды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жүргізу. Өткізу режимін (оның ішінде рұқсатнамалар) қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттарды және қызметтік куәліктерді ресімдеу, беру, есепке алу, сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары техникалық, инженер-энергетик болуы құптарлық. Орта кәсіби техникалық (энергетик) біліміне рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын», өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, электржабдықтарын пайдаланудағы қауіпсіздік Қағидаларын,  Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкімен және оның еншілес ұйымдарымен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіні, функционалдық міндеттерді орындауға қажет басқа білімдерді білу.   

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

           

 

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білім, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) 3х4 өлшемді 1 (бір) фотография;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. 

 «Түйіндеменің» электрондық нұсқасын (www.nationalbank.kz «Ұлттық Банк туралы» бөлім/«Бос жұмыс орындары»/«Түйіндеме» шағын бөлімі) Нұсқаулыққа сәйкес толтыру және atyur_80@nationalbank.kz  электрондық почтаның мекен-жайына жіберу қажет.  

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он)  жұмыс күні ішінде (2019 жылғы 31 шілдеден бастап 2019 жылғы 13 тамызды қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу орны: Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2а,  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыру;

2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкестігін қарау;

4) кандидаттарды сынақтан өткізу;

5) кандидаттармен әңгімелесу;

6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

7) кадр резервін қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға бару-келу жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Конкурсқа қатысушыларды сынаққа жіберу туралы шешімді конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Үміткерлер сынаққа жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сынақтан өтеді.

Сынақтан өткен кезде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан сынақ аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Үміткерлерге әңгімелесуді өткізу уақыты, күні және орны туралы кадр қызметі электрондық почта және  (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, L02B9P3, Орал қаласы, Ж.Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, анықтама үшін телефондар 8-711-2-51-29-15, 8-711-2-55-45-35, факс 8-711-2-51-29-15, Қаржылық ұйымдарды бақылау және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінің бас маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, L02B9P3, Орал қаласы, Ж.Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, анықтама үшін телефондар 8-711-2-51-29-15, 8-711-2-55-45-35, факс 8-711-2-51-29-15, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметшісінің мынадай лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидаттар қолма-қол немесе почта бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру орналастырылған (жарияланған) күннен бастап 2019 жылғы 31 шілде – 13 тамыз аралығында (қоса алғанда) 10 (он) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша ұсынуға тиіс.

        Үміткерлер хабарландыруда көрсетілген электрондық почтаның мекенжайына құжаттарды электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта (ura_80@nationalbank.kz)  арқылы берген үміткерлер құжаттардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Құжаттардың түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

     Қаржылық ұйымдарды бақылау және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінің бас маманы: білімі – жоғары экономикалық және/немесе жоғары заңгерлік немесе жоғары математикалық, немесе ақпараттық жүйе және технологиялар мамандығы бойынша жоғары техникалық. Негізгі мамандықтың кәсібі бойынша қайта даярлау курстарынан өту жөнінде сертификаттарының болғаны жөн.

        Жұмыс өтілі –  Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымында кемінде бір жыл не осы топтың лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды не Ұлттық Банкінің Магистратурасын аяқтау. 

Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білу.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының: «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Микроқаржы ұйымдары туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Құнды қағаздар нарығы туралы»,   «Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңдарын білу керек. Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот отырыстарына қатысу тәжірибесі болғаны жөн.

        Функционалдық міндеттері: тәуекел деңгейін бағалау негізінде қаржылық және микроқаржылық ұйымдардың  (олардың филиалдарының), коллекторлық агенттіктердің және кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушы басқа да ұйымдардың қызметін жоспардан тыс тексеруге қатысу. Қаржылық ұйымдарды  (олардың филиалдарын) тексеру қорытындысы бойынша аралық актілерді,  қаржылық (олардың филиалдарын), микроқаржылық ұйымдарды,   коллекторлық агенттіктерді тексеру қорытындысы бойынша актілерді уақытылы әрі сапалы жасау. Қаржылық, микроқаржылық ұйымдардың,   коллекторлық агенттіктердің қызметіне талдау жасау, тексеру барысында алынған ақпараттың талдамасын жасап, оны өңдеу. Қаржылық ұйымдар тарапынан Қазақстан Республикасының Заңсыз жолмен және лаңкестікті қаржыландыруға алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы тұру туралы заңнамаларының сақталуы мәселесі бойынша тексеруге қатысу. Банктердің, сақтандыру ұйымдарының және басқа да қаржылық ұйымдардың уақытша әкімшілік немесе тарату комиссиясының жетекшісі не мүшесі мәндеттерін атқару, уақытша әкімшіліктің, тарату комиссиясының атқарылған қызмет туралы есептерін қарастыру, уақытша әкімшіліктің, тарату комиссиясының қызметіне тексеру жүргізу, солардың қызметін тексеру нәтижесі бойынша ұсыныстар беру. Қаржы қызметтерін және микроқаржылық ұйымдардың қызметтерін тұтынушылардың қаржы нарығының, микроқаржылық ұйымдардың және коллекторлық агенттіктердің субъектілері қызметіне, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қаржы институттарының қызметі ережелеріне қатысты шағымдары мен өтініштерін уақытылы әрі сапалы қарастыру. Ықпал етудің шектеулі шараларын, қадағалаушы жауап беру шаралары мен санкциялар және тағы басқа шараларды қолдану туралы құжаттарды дайындау, Ықпал етудің шектеулі шараларының, қадағалаушы жауап беру шараларының жобаларын Ұлттық Банкінің орталық аппаратындағы құрылымдық бөлімшесіне әрі қарай қарастыру үшін жіберу. Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларға қатысу. Микроқаржылық ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің есептік тіркеуін жүзеге асыру  және тізілімін жүргізу, микроқаржылық ұйымдарды, коллекторлық агенттіктерді жоспардан тыс тексеру, микроқаржылық ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің есептіліктерін сапалы әрі уақытылы өңдеу. Ұлттық Банкінің орталық аппаратындағы бөлімшелерге микроқаржылық ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің есептіліктерін жіберу. Банктік және сақтандыру заңнамасының, микроқаржылық ұйымдар туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, коллекторлық қызмет туралы заңнамалардың және өз құзыреті шеңберінде басқа да заңнамалардың бұзылуы бойынша материалдарды қарастыру. Ұлттық Банкінің орталық аппаратымен бөлінетін міндеттер құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік өндірісті жүзеге асыру, сонымен қатар филиал құзыреті шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріспен байланысты міндеттерді орындау. Бөлімнің кіріс және шығыс құжаттарының сапалы және уақытылы орындау, бөлім қызметіне қатысты басшылық берген өзге де тапсырманы орындау.        

Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)  3х4 өлшемді 1 (бір) фотосурет;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

«Түйіндеменің» электрондық нұсқасын (www.nationalbank.kz «Ұлттық Банк туралы» бөлім/«Бос жұмыс орындары»/«Түйіндеме» шағын бөлімі) Нұсқаулыққа сәйкес толтыру және kost_80@nationalbank.kz  электрондық почтаның мекенжайына жіберу қажет.  

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

Конкурсты өткізу орны: Орал қаласы, Ж.Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурсты өткізу туралы хабарландыру;

2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту,

3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкестігіне қарау;

4) үміткерлерді тестілеу;

5) үміткерлермен әңгімелесу;

6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

7) кадр резервін қалыптастыру.

 Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға бару-келу жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Конкурсқа қатысушыларды тестілеуге жіберу туралы шешімді конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Үміткерлер тестілеуге жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тестілеуден өтеді.

Тестілеуден өткен кезде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан тестілеу аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Үміткерлерге әңгімелесуді өткізу уақыты, күні және орны туралы кадр қызметі электрондық почта және  (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.

келесі
келесі

Баспасөз релиздері

Қазақстан Ұлттық Банкі 2019 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанның банк секторы активтерінің сапасын бағалауға кіріседі

download

Қаржы нарығындағы ахуал туралы

download

Ең төмен резервтік талаптар туралы жаңа қағидалар жайында

download

Баспасөз релиздері

Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;

қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру.

Жүктелген міндеттерге сәйкес Ұлттық Банк аумақтық филиалдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Ұлттық Банк туралы ережеде көрсетілген функцияларды орындайды.

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

13 департаменттен (1 департамент Нұр-Сұлтан қаласында), 13 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат;       

17 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы.

3 есеп беретін ұйым:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Ұлттық Банк:

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» ;

«Мемлекеттік кредиттік бюро»;

«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Оқу Орталығы»;

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтингтік агенттігі»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы»;

«Қазақстанның орнықтылық қоры»;

«Баспана» ипотекалық ұйымы»

акционерлік қоғамдарының акционерi болып табылады.

 

Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй

Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799

Телекс: 251130  BNK KZ

Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727)  2704-591

e-mail: hq@nationalbank.kz



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келесі бос қызмет орындарына жұмысқа шақырады:

Орталық аппаратта

Аумақтық филиалдарда

Ұйымдар және еншілес кәсіпорындарда

Бос қызмет орындарына орналасу мәселелері бойынша мына телефондар бойынша ала аласыздар: +7 (727) 2704 660,        +7 (727) 2704 591 (ішкі 3987),  +7 (727) 2704 761.



Ақша-кредит саясаты департаменті  
Төлем балансы департаменті  
Заң департаменті  
Монетарлық операциялар департаменті  
Бухгалтерлік есеп департаменті  
Ақпараттық технологиялар департаменті  
Ішкі аудит департаменті  
Адам капиталын дамыту департаменті  
Әкімшілік басқарма  
Қолма-қол ақша айналысы департаменті  
Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті  
Төлем жүйелері департаменті  
Операциялық есепке алу департаменті  
Жоспарлау және бюджет департаменті  
Қауіпсіздік басқармасы  
Үйлестіру департаменті (Нұр-Сұлтан қаласы)  
Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы  
Қаржылық тұрақтылық департаменті  
Халықаралық ынтымақтастық департаменті  
Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті  
Банктерді реттеу департаменті  
Тәуекелдер департаменті  
Банктік емес ұйымдары дамыту департаменті  
Ақпараттық қауіп және киберқорғау басқармасы  
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті  
Ұлттық Банк Төрағасының аппараты департаменті  
Қаржы нарығының статистикасы департаменті  
Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті  
Бағалы қағаздар нарығы департаменті  
Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі  

Интернет-ресурстың толық нұсқасы

«ҚҰБ Online» мобильді қосымшасын көшіріп алу

050040, Республика Казахстан, город Алматы, микрорайон "Коктем-3", дом 21.
Факс: +7(727)2704-703,
+7(727)2617-352,
+7(727)2704-799
e-mail: hq@nationalbank.kz
Яндекс.Метрика