Қазақстан Ұлттық Банкі

Интернет-ресурстың мобильді нұсқасы

Инфляция бойынша орта мерзімді мақсат, % (2020 жылдың аяғында) 4 - 6
Жылдық инфляция, % (2020 сәуір) 6.7
Базалық мөлшерлеме, % (06.04.2020) 9.50
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, % (06.04.2020) 9.50
TONIA, % (06.05.2020) 8.16
Жалпы халықаралық резервтер - ҚҰБ, млрд.USD (01.05.2020) 30.6
Ақша базасы, млрд. теңге (01.05.2020) 8 284.2
Ақша массасы, млрд. теңге (01.05.2020) 22 222.6
Банктердің ҚРҰБ-дағы теңгемен кор. шоттары, млн. теңге (04.06.2020) 283877.67

Валютаның ресми (нарықтық) бағамы / 06.06.2020

USD 399.67   0.16
EUR 452.95   5.62
RUB 5.82   0.04

толық

Алтын / 05.06.2020

1 грамм алтынның теңгедегі құны 21 918,57  -35,53

Жаңалықтар

2020 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz/forum мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2019 жылғы қызметі туралы» есебін жария талқылауы өткізіледі
келесі
келесі

Баспасөз релиздері

«Жеңіске 75 жыл» коллекциялық монеталары 8 маусымда сатылымға түседі

download

Қаржы нарығына қатысушылар Қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі тұжырымдамамен танысты

download

Қаржы нарығындағы ахуал туралы

download

Баспасөз релиздері

Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру.

Жүктелген міндеттерге сәйкес Ұлттық Банк аумақтық филиалдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Ұлттық Банк туралы ережеде көрсетілген функцияларды орындайды.

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

22 департаменттен (1 департамент Нұр-Сұлтан қаласында), 2 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат;       

17 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы.

3 есеп беретін ұйым:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Ұлттық Банк:

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» ;

«Мемлекеттік кредиттік бюро»;

«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Оқу Орталығы»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы»;

«Қазақстанның орнықтылық қоры»;

«Баспана» ипотекалық ұйымы»

акционерлік қоғамдарының акционерi болып табылады.

 

Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй

Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799

Телекс: 251130  BNK KZ

Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727)  2704-591

e-mail: hq@nationalbank.kz



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келесі бос қызмет орындарына жұмысқа шақырады:

Орталық аппаратта

Аумақтық филиалдарда

Ұйымдар және еншілес кәсіпорындарда

Резюменің электрондық нұсқасы

ҚҰБ кадр резервіне есептелген үміткерлердің тізімі

Бос қызмет орындарына орналасу мәселелері бойынша мына телефондар бойынша ала аласыздар: +7 (727) 2704 591 (ішкі 3987),  +7 (727) 2704 761.



Ақша-кредит саясаты департаменті  
Төлем балансы департаменті  
Заң департаменті  
Монетарлық операциялар департаменті  
Бухгалтерлік есеп департаменті  
Қаржылық технологиялар департаменті  
Ішкі аудит департаменті  
Адам капиталын дамыту департаменті  
Әкімшілік басқарма  
Қолма-қол ақша айналысы департаменті  
Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті  
Төлем жүйелері департаменті  
Операциялық есепке алу департаменті  
Қаржы департаменті  
Қауіпсіздік департаменті  
Үйлестіру департаменті (Нұр-Сұлтан қаласы)  
Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы  
Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті  
Халықаралық ынтымақтастық департаменті  
Тәуекелдер департаменті  
Қаржы ұйымдарын дамыту департаменті  
Ұлттық Банк Төрағасының аппараты департаменті  
Қаржы нарығының статистикасы департаменті  
Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі  

Интернет-ресурстың толық нұсқасы

«ҚҰБ Online» мобильді қосымшасын көшіріп алу

050040, Республика Казахстан, город Алматы, микрорайон "Коктем-3", дом 21.
Факс: +7(727)2704-703,
+7(727)2617-352,
+7(727)2704-799
e-mail: hq@nationalbank.kz
Яндекс.Метрика