Қазақстан Ұлттық Банкі

Интернет-ресурстың мобильді нұсқасы

Жарияланымдар

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарында электрондық тәсілмен сақтандыру шарттарын жаса мүмкіндігі ұсынылады. «Онлайн-сақтандыру» тетігі туралы ақпаратпен қаржылық қызметтерді тұтынушылар "Онлайн – сақтандыру у" бөлімінде таныса алады
Статистикалық ақпараттың 2017 жылғы ақпанда шығу кестесі

Сайт тараулары

Деректер санаты

Жаңартылу күні

Ақша-кредит саясатының операциялары

Қысқа мерзімді ноталарын орналастыру бойынша ҚРҰБ аукционы

Аукциондар өткiзуге қарай

Кері сатылымы бар бағалы қағаздарды сатып алу бойынша ҚРҰБ аукционы

Аукциондар өткiзуге қарай

ҚРҰБ операциялары бойынша ашық позиция

күн сайын, 11:00 сағ. дейін

Банктердің ҚРҰБ-гі корреспонденттік шоттарындағы ұлттық валютадағы ақшалай қаражаттары

күн сайын, 11:00 сағ. дейін

Валюталар бағамдары

Валюталардың күн сайынғы ресми бағамдары

24:00 сағ.

Валюталардың ресми бағамдары, кезеңде орташа

02.02.2017

Бағалар индексі

Бағалар индексі

02.02.2017

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

Құны ұлттық валютада белгіленген айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың құрылымы

06.02.2017

Мемлекеттiк бағалы қағаздарының алғашқы нарығы

06.02.2017

Ақша-кредит статистикасы

Халықаралық резервтер және Ұлттық қордың активтері

09.02.2017

ҚРҰБ бойынша монетарлық шолу

09.02.2017

Ақша-кредит саясатының операциялары

ҚРҰБ өктемдігі жөніндегі деректер

09.02.2017

Валюта нарығы

Биржадан тыс операциялар

09.02.2017

Банкаралық кредиттер мен депозиттердің нарығы

09.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері (Ағымдағы жағдай)

Банк секторы

09.02.2017

Сыртқы сектор статистикасы

Тиімді айырбастау бағамыдарының индекстері

10.02.2017

Валюта нарығы

Қазақстан Қор Биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары

13.02.2017

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

Мемлекеттiк бағалы қағаздардың қайталама нарығы

13.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Банк конгломераттары мен сақтандыру топтары   (Қаржы көрсеткіштері)

Банк конгломераттарының пруденциалдық нормативтерді орындағаны туралы мәліметтер

15.02.2017

Банк конгломераттарының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет

15.02.2017

Банк конгломераттарының активтер диверсификациясы туралы мәлім

15.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері (Ағымдағы жағдай)

Сақтандыру секторы

17.02.2017

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

20.02.2017

Бағалы қағаздар рыногы

20.02.2017

Банк конгломераттары мен сақтандыру топтары  

20.02.2017

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым

23.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Сақтандыру секторы (Жиынтық есептер)

ҚР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша жиынтық бухгалтерлік баланс 

23.02.2017

ҚР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша пайда және шығын жөніндегі жиынтық есеп

23.02.2017

ҚР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру сыйлықақысы туралы жиынтық есеп

23.02.2017

ҚР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша сақтандыру төлемдері туралы жиынтық есеп 

23.02.2017

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша міндеттемелер көлемі туралы жиынтық есеп

23.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Сақтандыру секторы (Қаржы көрсеткіштері)

ҚР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша мәліметтер 

23.02.2017

Сақтандырудың салалары мен кластары бойынша сақтандыру сыйлықақысы

23.02.2017

Сақтандырудың салалары мен кластары бойынша сақтандыру төлемдері

23.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (Жиынтық есептер)

Ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік балансы 

23.02.2017

Ипотекалық ұйымдардың кірістері мен шығыстары туралы есеп 

23.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым  (Қаржы көрсеткіштері)

Ипотекалық ұйымдардың меншікті капиталы, міндеттемелері мен активтері туралы мәліметтер

23.02.2017

Ипотекалық ұйымдардың пруденциалдық нормативтерді орындағаны туралы мәліметтер

23.02.2017

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына,операторының пруденциалдық нормативтерді орындау туралы мәліметтер

23.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар (Жиынтық есептер)

Жиынтық бухгалтерлік баланс (Инвестициялық портфелді басқарушылар, Брокерлер және дилерлер)

23.02.2017

Пайда және шығын жөніндегі жиынтық есеп (Инвестициялық портфелді басқарушылар, Брокерлер және дилерлер)

23.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар (Қаржы көрсеткіштері)

Аралық және ашық пай инвестициялық қорлары активтерінің инвестициялық құрылымы 

23.02.2017

Пруденциалдық нормативтерді орындағаны туралы мәліметтер  (Инвестициялық портфелді басқарушылар, Брокерлер және дилерлер)

23.02.2017

Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының активтері, капиталы және міндеттемелері  (Инвестициялық портфелді басқарушылар, Брокерлер және дилерлер)

23.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Жинақтаушы зейнетақы жүйесі (Жиынтық есептер)

Жиынтық бухгалтерлік баланс 

23.02.2017

Пайда және шығын жөніндегі жиынтық есеп 

23.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Жинақтаушы зейнетақы жүйесі (Қаржы көрсеткіштері)

 

ҚР-ның ЖЗҚ-ның меншікті капиталы, міндеттемелері және активтері туралы мәліметтер 

23.02.2017

Жинақтаушы зейнетақы қорларының портфелінің құрылымы 

23.02.2017

ҚР-ның ЖЗҚ-дағы жинақталған зейнетақы қаражаты мен салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының саны жөніндегі мәліметтер

23.02.2017

Ақша-кредит статистикасы

Ақша агрегаттары

24.02.2017

Банктер бойынша монетарлық шолу

24.02.2017

Банк жүйесі бойынша монетарлық шолу

24.02.2017

Депозит нарығы

24.02.2017

Кредит нарығы

24.02.2017

Валюта нарығы

Шетел валютасын сатып алу/сату

24.02.2017

Төлем жүйелерінің статистикасы

БААЖ мен БКЖ

24.02.2017

Төлем карточкалары және банк көрсететін электронды қызметтер

24.02.2017

Төлем құралдары бойынша статистика

24.02.2017

Ақша аударымдары (халықаралық және ел ішіндегі)

24.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Банк секторы (Жиынтық есептер)

ҚР-ның ЕДБ бойынша жиынтық баланс 

24.02.2017

ҚР-ның ЕДБ бойынша кірістері мен шығыстары туралы жиынтық есеп 

24.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Банк секторы (Қаржы көрсеткіштері)

Меншікті капитал, міндеттемелер және активтер туралы мәліметтер

24.02.2017

Орташа проценттік маржа және орташа проценттік спрэд туралы мәліметтер

24.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері (Ағымдағы жағдай)

Банк секторы

27.02.2017

Ақша-кредит статистикасы

Басқа қаржылық ұйымдар бойынша шолу

28.02.2017

Қаржы секторы бойынша шолу

28.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Банк секторы (Қаржы көрсеткіштері)

Пруденциалдық нормативтерді орындағаны туралы мәліметтер

28.02.2017

Қаржы секторының көрсеткіштері, Сақтандыру секторы (Қаржы көрсеткіштері)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциалдық нормативтерді орындағаны туралы мәліметтер

28.02.2017

Сыртқы сектор статистикасы

Шетел валютасындағы халықаралық резервтер мен өтімділік

28.02.2017

ҚРҰБ-нің ресми басылымдары және жарияланымдары

ҚРҰБ-нің Статистикалық бюллетені

28.02.2017

ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы

28.02.2017

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Оңтүстік Қазақстан филиалы, 160012, Шымкент қ., Төреқұлов көш. 2, анықтама телефондары 8(725-2) 212-630, 212-081, факс 8(725-2) 212-633, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Оңтүстік Қазақстан филиалының уақытша болмайтын қызметкерінің орнына қаржылық ұйымдарды бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің жетекші маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Оңтүстік Қазақстан филиалы, 160012,  Шымкент қ., Төреқұлов көш. 2, анықтама телефондары 8(725-2) 212-630, 212-081, факс 8(725-2) 212-633, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Оңтүстік Қазақстан филиалының уақытша болмайтын қызметкерінің орнына қаржылық ұйымдарды бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің жетекші маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды кандидаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырған (жариялаған) күннен бастап (2016 жылғы 9 қыркүйек пен 23 қыркүйекті қоса алғанға дейін) 10 (он) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қолма-қол немесе почта арқылы ұсынулары тиіс.

            Кандидаттар құжаттарды электронды түрде хабарландыруда көрсетілген электронды почта адресіне жіберулеріне болады. Электронды почта арқылы (Chimk_80@nationalbank.kz) конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған кандидаттар әңгімелесу басталғанға дейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. Құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда тұлға әңгімелесуге жіберілмейді.

            Барлық конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:

            жетекші маман лауазымы үшін:

Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімінің болуына рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орташа кәсіби білімі болған жағдайда Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Функционалдық міндеттерін атқаруға қажетті басқа да білімінің болуы тиіс.

 

Қаржылық ұйымдарды бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің жетекші маманы (уақытша болмайтын қызметкердің орнына).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар. Білімі – жоғары экономикалық және/немесе заң, орта кәсіби біліміне (экономикалық және/немесе заң) рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орташа кәсіби білімі болған жағдайда Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл болуы тиіс.

            «Қазақстан-2050» Стратегиясын: мемлекеттің жаңа саяси курсы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуі тиіс.

Функционалдық міндеттері: қаржы ұйымдарының қызметін инспекторлық тексерулерге, бөлімнің қызметіне кіретін мәселелер бойынша түрлі мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулерге қатысу. Тексеру жүргізу барысында алынған ақпаратты талдау және өңдеу, аралық және мерзімді есептерді уақтылы және сапалы жасау. Уақытша әкімшілік, немесе тарату комиссиялары басшысының немесе мүшесінің функцияларын орындау, уақытша әкімшілер, тарату комиссиялары қызметіне тексеру жүргізу. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте қаржы нарығы субъектілерінің қызметі, қаржы институттарының қызметі қағидалары мәселелері бойынша қаржылық қызметтерді тұтынушылардың шағымдарын және өтініштерін қарастыру. Ықпал ету шараларын және санкция қолдану туралы құжаттар дайындау, маман ретінде соттарға қатысу және қорытынды дайындау. Ақпаратты кейіннен ҚР Ұлттық Банкіне жолдай отырып, облыс аумағында орналасқан микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуді жүргізу, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептіліктерін тексеру.

 

            Конкурс, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

            Конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттар қажет:

1) түйіндеме (іс жүзіндегі тұрғылықты мекенжайын және телефондарын, соның ішінде байланыс телефондарын, білімі туралы мәліметтерді, жұмыс тәжірибесін көрсете отырып);

2)  Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысан бойынша өтініш;

3)  Қағидаларға 3-қосымшаға сай нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4)  нотариат куәландырған білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) көлемі 3х4 1 (бір) сурет;

7)  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуына негіздеме болып табылады.

«Түйіндеме» электронды нұсқасын (www.nationalbank.kz бөлім «Ұлттық Банк туралы»/«Бос орындар»/ішкі бөлім «Түйіндеме») Нұсқаулыққа сәйкес толтыру және (Chimk_80@nationalbank.kz) электронды почтасы адресіне жіберу қажет.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар, олардың біліміне, жұмыс стажына, кәсіби дайындық деңгейіне  қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар тағайындау туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) бар болған жағдайда бере алады.

Конкурсты өткізу орны: Шымкент қ., Төреқұлов көш., 2 – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Оңтүстік Қазақстан филиалы

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыру;

2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкес болуына қарастыру;

4) кандидаттарды тестілеуден өткізу;

5) кандидаттармен әңгімелесу өткізу;

6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

7) кадр резерін қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушылар, конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өткізу орнына және кері бағыттағы жолақы шығыстары, тұрғын үйді жалдау, тұру, түрлі байланыс құралдары қызметін пайдалану және басқалар) өз қаражаттары есебінен жүргізеді.  

            Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау, конкурстық комиссиямен, құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

            Конкурс қатысушыларын тестілеуге жіберу туралы шешімді конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

            Кандидаттар тестілеуге жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тестілеуден өтеді.

            Тестілеуден өту кезінде өту мәніне тең немесе одан жоғары баға алған кандидаттар әңгімелесуге жіберіледі.

            Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны, тестілеу аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесуді өткізу уақыты, күні мен орны туралы кандидаттарға кадр қызметі электронды почта арқылы және (немесе) телефон байланысы құралдары арқылы хабарлайтын болады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, 060002, Атырау қ-сы, Уәлиханов к-сі, 2а үй, анықтама үшін телефондар 8 (712-2) 32-85-69, 32-23-10, факс 8(7122) 32-23-04, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалының ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші инженер-программисі (қызметкер бала күтімі бойынша демалыста болатын кезеңге) уақытша бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, 060002, Атырау қ-сы, Уәлиханов к-сі, 2а үй, анықтама үшін телефондар 8 (712-2) 32-85-69,           32-23-10, факс 8(7122) 32-23-04 уақытша бос қызметші лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалының ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші инженер-программисі (қызметкер бала күтімі бойынша демалыста болатын кезеңге).

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің интегралды автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің шағын жүйелерін ендіру, әкімдеу және сүйемелдеу бойынша жұмыстарды (орнату, реттеу, өзектендіру, ақпаратты резервтеу, ақаулықтарды табу және жою, интегралды автоматтандырылған ақпараттық жүйенің сәйкес шағын жүйелері үшін жаңа нұсқаға көшіру). Ақпаратты қорғау құралдарын ендіру және сүйемелдеу. Жаңа компьютерлік қондырғылар мен байланыс құралдарын игеру және қолданысқа енгізу жұмыстарын жасау. Ұлттық банк филиалының бөлімдерінен түскен өтінімдерге сәйкес бағдарламаларды жасақтауды/жетілдіруді қамтамасыз ету. Ұлттық Банк филиалында Интернет желісіні қосу және жұмыс жасауды жүзеге асыру. Электрондық почта жүйелерін пайдаланып Ұлттық Банк филиалы бөлімдерімен ұсынылған бухгалтерлік, қаржылық, статистикалық деректерлі қабылдау мен жіберуді орындау. Операциялық жүйелерді, деректер қорын, желілік және коммуникациялық қондырғыларды қолдану мәселелері бойынша филиалдың барлық бөлімдеріне кеңестік және практикалық көмек көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер аумағындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі.

Ақпараттық жүйелер мен оның құрамдас бөліктерін жасақтау бойынша аспаптық бағдарламалық құралдарды жалпы білуі, ақпараттық қауіпсіздік бойынша, операциялық жүйелерді, құрылымдалған кабельдік желіні, деректер қорын басқару құралдарын әкімдеу аумағындағы бастапқы білімінің болуы. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, банкілік жұмысты автоматтандыру, электрондық құжаттардың өтуі бойынша білімінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

            Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білім, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) 3х4 өлшемді 1 (бір) фотография;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. 

 «Түйіндеменің» электрондық нұсқасын (www.nationalbank.kz «Ұлттық Банк туралы» бөлім/«Бос жұмыс орындары»/«Түйіндеме» шағын бөлімі) Нұсқаулыққа сәйкес толтыру және atyur_80@nationalbank.kz  электрондық почтаның мекен-жайына жіберу қажет.  

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он)  жұмыс күні ішінде (2016 жылғы                      7 қыркүйектен 2016 жылғы 21 қыркүйекті қоса алғанда) жүзеге асырылады

Конкурсты өткізу орны: Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2а,  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыру;

2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкестігін қарау;

4) кандидаттарды сынақтан өткізу;

5) кандидаттармен әңгімелесу;

6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

7) кадр резервін қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға бару-келу жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Конкурсқа қатысушыларды сынаққа жіберу туралы шешімді конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Үміткерлер сынаққа жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сынақтан өтеді.

Сынақтан өткен кезде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан сынақ аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Үміткерлерге әңгімелесуді өткізу уақыты, күні және орны туралы кадр қызметі электрондық почта және  (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.

ҚРҰБ Алматы облыстық филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу жөніндегі конкурстың нәтижесі

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»

республикалық мемлекеттік мекемесінің

Алматы облыстық  филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеудің нәтижесі  туралы 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы облыстық филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясы кандидаттардың ұсынған құжаттарын қарау, олармен өткізілген әңгімелесу негізінде бағалау қорытындысы бойынша «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі оқытушысы Абдрахманова Анар Турысбековна конкурстық іріктеудің жеңімпазы деп танылғанын хабарлайды.

ҚРҰБ РММ Солтүстік Қазақстан филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу жөніндегі конкурстың нәтижесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Солтүстік Қазақстан филиалының  мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеудің нәтижелері  туралы  

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Солтүстік Қазақстан филиалының  мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеу жөніндегі комиссиясы ұсынылған құжаттар, өткізілген әңгімелесудің негізінде бағалау қорытындылары бойынша–қазақ тілі курсының оқытушысы Какимов Бейбит Муратбекович конкурстық іріктеудің жеңімпазы деп танылғанын хабарлайды.

ҚРҰБ Маңғыстау филиалының мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурсының нәтижесі

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу жөніндегі конкурстың нәтижесі

 

         ҚРҰБ Маңғыстау филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу жөніндегі  конкурстық комиссия хабарлайды: ұсынылған құжаттар, өткізілген әңгімелесулерді бағалау қорытындысы негізінде келесі тұлға конкурс жеңімпазы болып танылды:  

      Тасанова Алмагул Нурымовна– филолог, мемлекеттік тілдің практикалық курсының оқытушысы. 

ҚРҰБ РММ Қарағанды филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу жөніндегі конкурстың нәтижесі

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын  іріктеу   жөніндегі  конкурстың нәтижесі

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеу комиссиясы кандидаттарды бағалау қорытындысы бойынша (ұсынылған құжаттар және өткізілген әңгімелесу қорытындысы негізінде) келесі тұлғаны конкурс жеңімпазы деп таныды:

Абдрахманов Рустем Хасенович- педагогика ғылымдарының магистрі, филолог, қазақ тілі практикалық курсының оқытушысы

ҚРҰБ Қызылорда филиалының мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурсының нәтижесі

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеу қорытындылары

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қызылорда филиалының конкурстық іріктеу комиссиясы кандидаттарды бағалау қорытындысы бойынша (ұсынылған құжаттар және өткізілген әңгімелесу қорытындысы негізінде) келесі тұлғаны конкурс жеңімпазы деп таныды:

Абасилов Аман Маделханович – филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі, әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры.  

ҚРҰБ Ақмола филиалының мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурсының нәтижесі

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу жөніндегі конкурстың нәтижелері

“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” РММ Ақмола филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеу жөніндегі комиссия ұсынылған құжаттар, өткізілген әңгімелесудің негізінде бағалау қорытындылары бойынша мынадай үміткер конкурс жеңімпазы болып танылды деп хабарлайды:

Аубакирова Ботагоз Карабаевна – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

21.02.2016 ж. Алматы уақыты бойынша таңғы 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты ҚР Ұлттық Банкінің сайтына http://nationalbank.kz кіру мүмкін болмайды
ҚРҰБ Қостанай филиалының мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурсының нәтижесі

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу конкурсының нәтежиесі

 

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу бойынша ҚР Ұлттық Банкінің Қостанай филиалының конкурстық комиссиясы, кандидаттарды бағалау (ұсынылған құжаттар мен әңгімелесу негізінде) нәтежиесінде байқау жеңімпазы хабарлайды:

Шүйкебаева Баян-Сұлу Мұратқызы – Қостанай қ. № 3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет мұғалімі. 

ҚРҰБ Павлодар филиалының мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурсының нәтижесі

“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” РММ

Павлодар филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы

оқытушысын іріктеу жөніндегі конкурстың нәтижелері

 

“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” РММ Павлодар филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеу жөніндегі комиссия ұсынылған құжаттар, өткізілген әңгімелесудің негізінде бағалау қорытындылары бойынша мынадай үміткер конкурс жеңімпазы болып танылды деп хабарлайды:

  1. Зейнулина Айман Файзулловна – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақтөбе филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын конкурстық іріктеуді қайта өткізу туралы жариялайды

Қайталай

 

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу бойынша

конкурс туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2016 жылғы 17-23 ақпанды қоса алғанда, аралығында мына мекенжай бойынша: 030006, Ақтөбе қ., Асау Барақ к-сі, 45-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, аударма қызметі, 11-каб. конкурсқа қатысушының кері мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе пошта арқылы жіберген) конвертте немесе Ussenova@nationalbank.kz электронды поштасы бойынша электронды түрде қабылданады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- «Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша жоғары (ЖОО-дан кейінгі) филологиялық немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша білімі;

- қазақ тілін оқыту тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес;

- ғылыми дәрежесі (құптарлық).

Конкурсқа қатысу үшін ҚРҰБ Ақтөбе филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

 - конкурстық іріктеуге қатысушы туралы жалпы мәліметтер көрсетілген түйіндеме;

- жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын және азаматтық әрекет қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері; 

- жоғары (ЖОО-дан кейінгі) білім туралы дипломдардың нотариус куәландырған көшірмелері;

- ұсынымдар (болған жағдайда);

- білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге (біліктілікті арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың  берілгендігі, санаттың болуы, ғылыми жарияланымдар, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қатысты құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).

 

Конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

үміткерлерге әңгімелесу өтетін күн туралы;

әңгімелесуге өтпеген конкурстық іріктеуге қатысушыларға конкурстық комиссияның шешімі туралы хабардар етеді.

 

Мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шартының негізгі талаптары:

Мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысымен мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шарты жасалатын болады.

Бір академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 4 242 (төрт мың екі жүз қырық екі) теңге.

Байланыс деректері: Ақтөбе қ., Асау Барақ к-сі, 45-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, аударма қызметі, 11-каб., +7 (713) 2215-691, 87012084172, Гульбану Усенова, Ussenova@nationalbank.kz.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Солтүстік Қазақстан филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын конкурстық іріктеуді қайта өткізу туралы жариялайды

Мемлекеттік тіл курстарын оқытушының кандидатурасына конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұлттық Банк)        «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы атынан (бұдан әрі – Филиал) (150000, СҚО, Петропавл қ, Қазақстан Коституциясы к., 6-үй) мемлекеттік тіл курстарын оқытушы кандидатурасына қайтадан конкурстық іріктеу өткізу (бұдан әрі –қызмет көрсету) туралы хабарлайды.

1. Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

1)  «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;

2) қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;

3) ғылыми дәрежесі (құпталады).

 

2. Осы хабарламаның 1-тармағында көзделген  талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі:

1) жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі;

2) жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын және азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (псих – және нарко – диспансердің анықтамалары);

3) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

4) ұсынымдар  (бар болған жағдайда);

5) білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге (біліктілікті арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың  берілгендігі, санаттың болуы, ғылыми жарияланымдар, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қатысты құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).

Құжаттар топтамасын толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз бола алады.

 

3. Құжаттарды қабылдау мына мекенжайда өтеді: 150000, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 6-үй, 3-қабат, 314-бөлме. Кандидат құжаттар топтамасын желімделген конвертте қолма-қол ұсынуына немесе почтамен не petro_33 @nationalbank.kz. мекенжайы бойынша электронды түрде жіберуіне болады.

 

4. Құжаттар топтамасын ұсыну мерзімінің басталуы – 2016ж. 17 ақпанда сағат 9:00-ден бастап, құжаттар топтамасын ұсынудың аяқталу мерзімі  – 2016ж. 25 ақпанда сағат 18:00.

 

5. Конкурс өткізу және оның жеңімпаздарын анықтау мемлекеттік тіл курстарына оқытушыларды конкурстық іріктеу жүргізу Тәртібіне сәйкес филиалдың конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады (қоса беріледі).

 

6. Ақы төлеу мөлшері, талаптары және тәртібі, сондай-ақ Қызмет көрсету Мерзімдері  елеулі  талаптары көрсетілген, мемлекеттік тіл  курстарын өткізу бойынша өтемақылы қызмет көрсету шартының қоса берілген  жобасында көрсетілген.

 

7. Қосымша ақпарат пен анықтаманы филиалдың жауапты тұлғасы - Людмила Ивановна Антясовадан мына мекенжай бойынша алуға болады: 150000, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 6-үй, 314-бөлме, телефоны: 8(7152) 46-93-97 факс 8(7152) 46-42-07, petro_33 @nationalbank.kz. электронды почта.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Оңтүстік Қазақстан филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Оңтүстік Қазақстан филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу өткізу туралы хабарлайды.

1. Құжаттар қабылдау күні және орны:

конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2016 жылдың 16-22 ақпан аралығында мына мекенжай бойынша: 160012, Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 2, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Оңтүстік Қазақстан филиалы, 405-кабинет, конкурсқа қатысушының  кері мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе пошта арқылы жіберген) конвертте немесе Amanbaeva.S@nationalbank.kz. электронды поштасы бойынша электронды түрде қабылданады.

2.  Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;

қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;

ғылыми дәрежесі  (құпталады);

3. Конкурсқа қатысушылар талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі; 

жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі немесе төлқұжаты);

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

ұсынымдар  (бар болған жағдайда);

білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне  қатысты өзге құжаттардың көшірмелері (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, санатының болуы, ғылыми жарияланымдары туралы, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын  өзге де мәліметтер) (бар болған жағдайда).

4. Жауапты адам конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімдерінде мөр басылған конвертте қолына, пошта арқылы немесе  электрондық түрде электрондық  пошта арқылы қабылдайды.

5. Конкурстық іріктеуді өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру үшін жауапты адам конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде

кандидаттарды  әңгімелесу өткізу күні туралы;

әңгімелесуге рұқсат беруден бас тарту алған конкурстық іріктеуге қатысушыларды конкурстық комиссияның шешімі туралы  хабардар етеді.

6. Мемлекеттік тіл курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының маңызды талаптары, сондай-ақ ақы төлеу мөлшері және шарттары:

мемлекеттік тіл курсын өткізу орны – Шымкент қаласы, Төреқұлов көш., 2;

конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шарты жасалады; 

бөлінген сома – 1 академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 4242 теңге 00 тиын.

7. Жауапты бөлімшенің (жауапты адамның) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық поштаның мекенжайлары: 

160012, Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 2, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Оңтүстік Қазақстан филиалы, 405-кабинет, тел. 8(7252) 53-48-11, С.Н.Аманбаева, электрондық пошта Amanbaeva.S@nationalbank.kz.

Сонымен қатар, құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшін негіз болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын конкурстық іріктеуді қайта өткізу туралы жариялайды

16.02.2016 ж.

 

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын

конкурстық іріктеуді қайта өткізу туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Атырау филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуді қайта өткізу туралы хабарлайды.

 

  Құжаттарды қабылдау күні және орны:

  конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар 2016 жылғы 17-24 ақпанды қоса алғандағы кезеңге (мекенжайы: 060002,  Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі 2а, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Атырау филиалы) конкурсқа қатысушының  мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе почта арқылы жіберген) конвертте немесе электронды түрде Atyur_80@nationalbank.kz электрондық почта бойынша қабылданады.

 

Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;

қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;

ғылыми дәрежесі  (құпталады);

 

Конкурсқа қатысушылар талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

- жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі; 

- жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі немесе төлқұжаты);

- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

- ұсынымдар  (бар болған жағдайда);

- білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне  қатысты өзге құжаттардың көшірмелері (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, санатының болуы, ғылыми жарияланымдары туралы, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын  өзге де мәліметтер) (бар болған жағдайда).

 

Жауапты адам конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімдерінде мөр басылған конвертте қолына, почта арқылы немесе электрондық түрде электрондық почта арқылы қабылдайды.

Конкурстық іріктеуді өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру үшін жауапты адам конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде

кандидаттарды  әңгімелесу өткізу күні туралы;

әңгімелесуге рұқсат беруден бас тарту алған конкурстық іріктеуге қатысушыларды конкурстық комиссияның шешімі туралы  хабардар етеді.

 

Мемлекеттік тіл курстарын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының маңызды талаптары, сондай-ақ ақы төлеу мөлшері және шарттары:

конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шарты жасалады;

бір академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 4 242 (төрт мың екі жүз қырық екі) теңге.

 

Жауапты бөлімшенің (жауапты адамның) орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефондары мен факс нөмірлері, электрондық почтаның мекенжайлары:

060002, Атырау қ., Уәлиханов көшесі 2а «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Атырау филиалы, 304-кабинет, тел. 8(7122) 32 85 69, факс: 8(7122) 32 23 04, kadyrgaziуev@nationalbank.kz;

Құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшін негіз болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын конкурстық іріктеуді қайта өткізу туралы жариялайды

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуді қайта өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы) мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуді қайта  өткізу туралы хабарлайды.

1.Құжаттар қабылдау күні және орны:

конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурстық іріктеуді қайта өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2016 жылдың
12-19 ақпан аралығында мына мекенжай бойынша: 010000,  Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы), конкурсқа қатысушының  мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе почта арқылы жіберген) конвертте немесе ast_80@nationalbank.kz.) электрондық почта арқылы қабылданады.

2.Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;

қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;

ғылыми дәрежесі  (құпталады).

3.Конкурсқа қатысушылар талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі; 

жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі немесе төлқұжаты);

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

ұсынымдар  (бар болған жағдайда);

білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне  қатысты өзге құжаттардың көшірмелері (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, санатының болуы, ғылыми жарияланымдары туралы, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын  өзге де мәліметтер) (бар болған жағдайда).

4.Жауапты адам конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімдерінде мөр басылған конвертте қолына, почта арқылы немесе  электрондық түрде электрондық  почта арқылы қабылдайды.

5.Конкурстық іріктеуді өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру үшін жауапты адам конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде

кандидаттарды  әңгімелесу өткізу күні туралы;

әңгімелесуге рұқсат беруден бас тарту алған конкурстық іріктеуге қатысушыларды конкурстық комиссияның шешімі туралы  хабардар етеді.

6.Мемлекеттік тіл курстарын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының маңызды талаптары, сондай-ақ ақы төлеу мөлшері және шарттары:

мемлекеттік тіл курстарын өткізу орны – Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй;

конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шарты жасалады; 

оқыту процесінде  «Қазақ тілін банк саласы қызметкерлеріне деңгейлеп оқыту бағдарламасы» пайдаланылады;

бөлінген сомасы – 1 (бір) академиялық сағатқа 4258 теңге 00 тиын;

мемлекеттік тіл курстарын өткізу бойынша нақты көрсетілген Қызметтің ақысы көрсетілген Қызметті қабылдау-өткізу актісіне сәйкес төленеді.

7.Жауапты бөлімшенің (жауапты адамның) орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефондары мен факс нөмірлері, электрондық почтаның мекенжайлары: 

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы), құжаттар 1.208-кабинетте қабылданады, тел.8(7172)703-328, электрондық почта -Turgalieva. a@nationalbank.kz.

Сонымен қатар, құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшін негіз болады.

Қазақстанда исламдық қаржыландыруды жан-жақты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Thomson Reuters, Ислам зерттеу және оқыту институты (IRTI) және Ислам банктерінің және қаржы ұйымдарының Бас кеңесімен (CIBAFI) дайындалған есепті жариялайды "Kazakhstan Islamic Finance 2016: a new frontier for Islamic finance" country report

Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды дамыту жайындағы есептің жарияланғандығы туралы ақпараттық хабар

 

Қазақстанда исламдық қаржыландыруды жан-жақты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Thomson Reuters, Ислам зерттеу және оқыту институты (Islamic Research and Training Institute – IRTI) және Ислам банктерінің және қаржы ұйымдарының Бас кеңесімен (General Council for Islamic Banks and Financial Institutions – CIBAFI) дайындалған "Kazakhstan Islamic finance 2016: a new frontiers for Islamic finance" атты есепті (бұдан әрі – Есеп) жариялайды.

Бұл Есеп исламдық қаржыландырудың дамуына арналған есептердің жалғасы болып табылады. Бүгінгі таңда Малайзия, Түркия, Марокко, Индонезия және Оманның есептері жарыққа шықты.

Есеп Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері мен болашақ болжамдарды; банк, сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтарын қоса алғандағы елдің исламдық қаржыландыруды дамытудағы қазіргі жағдайының талдамасын; сарапшылармен жүргізілген сұхбаттар мен талдамалық мақалаларды; Қазақстандағы тұтынушылардың исламдық қаржыландыруға деген қызығушылығын анықтау мақсатында жүргізілген алғашқы сауалнаманың қорытындыларын;  сонымен қатар, мемлекеттегі исламдық қаржыландыруды дамытудағы ұсыныстарды қамтиды. 

Есептің презентациясы 2015 жылғы 1 желтоқсанда Бахрейннің Манама қаласында Дүниежүзілік Ислам банкингінің конференциясы аясында өткізілді.

Есептің ағылшын тіліндегі электронды нұсқасымен Ұлттық Банктің интернет-ресурсында мына сілтемеге өту арқылы http://nationalbank.kz/?docid=970&switch=english, Thomson Reuters, IRTI және CIBAFI сайттарында танысуға болады.

 

 

 


Қосымша ақпарат:

Thomson Reuters – әлемдегі ең ірі халықаралық жаңалықтар және қаржылық ақпараттарды таратушы агенттік, ХІХ ғасырдың ортасында құрылған. Исламдық қаржыландыру саласын зерттейтін Zawya Limited Thomson Reuters агенттігінің еншілес компаниясы болып табылады.

IRTI – 1981 жылы құрылған Ислам даму банкінің еншілес ұйымы.  IRTI негізгі мақсаты исламдық қаржыландыру саласындағы зерттеу жүргізу, әдістеме дайындау, оқыту-ағарту сі және консультациялық қызмет болып табылады.

CIBAFI –  2001 жылы Бахрейнде құрылған халықаралық коммерциялық емес ұйым. Бұл ұйымның құрамына 40 мемлекеттен 130 астам исламдық қаржылық ұйымдар кіреді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Солтүстік Қазақстан филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Мемлекеттік тіл курстарын оқытушының

кандидатурасына конкурстық іріктеу өткізу туралы

хабарландыру

 

        «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұлттық Банк)        «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы атынан (бұдан әрі – Филиал) (150000, СҚО, Петропавл қ, Қазақстан Коституциясы к., 6-үй) мемлекеттік тіл курстарын оқытушы кандидатурасына конкурстық іріктеу өткізу (бұдан әрі –қызмет көрсету) туралы хабарлайды.

1. Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

1)  «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;

2) қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;

3) ғылыми дәрежесі (құпталады).

 

2. Осы хабарламаның 1-тармағында көзделген  талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі:

1) жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі;

2) жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын және азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (псих – және нарко – диспансердің анықтамалары);

3) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

4) ұсынымдар  (бар болған жағдайда);

5) білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге (біліктілікті арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың  берілгендігі, санаттың болуы, ғылыми жарияланымдар, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қатысты құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).

Құжаттар топтамасын толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз бола алады.

 

3. Құжаттарды қабылдау мына мекенжайда өтеді: 150000, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 6-үй, 3-қабат, 314-бөлме. Кандидат құжаттар топтамасын желімделген конвертте қолма-қол ұсынуына немесе почтамен не petro_33 @nationalbank.kz. мекенжайы бойынша электронды түрде жіберуіне болады.

 

4. Құжаттар топтамасын ұсыну мерзімінің басталуы – 2016ж. 09 ақпанда сағат 9:00-ден бастап, құжаттар топтамасын ұсынудың аяқталу мерзімі  – 2016ж. 15 ақпанда сағат 18:00.

 

5. Конкурс өткізу және оның жеңімпаздарын анықтау мемлекеттік тіл курстарына оқытушыларды конкурстық іріктеу жүргізу Тәртібіне сәйкес филиалдың конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады (қоса беріледі).

 

6. Ақы төлеу мөлшері, талаптары және тәртібі, сондай-ақ Қызмет көрсету Мерзімдері  елеулі  талаптары көрсетілген, мемлекеттік тіл  курстарын өткізу бойынша өтемақылы қызмет көрсету шартының қоса берілген  жобасында көрсетілген.

 

7. Қосымша ақпарат пен анықтаманы филиалдың жауапты тұлғасы - Людмила Ивановна Антясовадан мына мекенжай бойынша алуға болады: 150000, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 6-үй, 314-бөлме, телефоны: 8(7152) 46-93-97 факс 8(7152) 46-42-07, petro_33 @nationalbank.kz. электронды почта.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Ақмола филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақмола филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2016 жылдың 8-12 ақпан аралығында мына мекенжай бойынша: 020000, Көкшетау қ., Әуезов көшесі, 214 үй, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақмола филиалы, бас маман-аудармашы, 28 каб. Конкурсқа қатысушының кері мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе пошта арқылы жіберген)  мөр басылған конвертте немесе kokch_26@nationalbank.kz электронды поштасы бойынша электронды түрде қабылданады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- «Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша жоғары (ЖОО-дан кейінгі) филологиялық немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша білімі;

- қазақ тілін оқыту тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес;

- ғылыми дәрежесі (құптарлық).

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақмола филиалының мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу жөніндегі  конкурстық комиссиясына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

 - конкурстық іріктеуге қатысушы туралы жалпы мәліметтер көрсетілген түйіндеме;

- жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын және азаматтық әрекет қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері; 

- жоғары (ЖОО-дан кейінгі) білім туралы дипломдардың нотариус куәландырған көшірмелері;

- ұсынымдар (болған жағдайда);

- білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге (біліктілікті арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың  берілгендігі, санаттың болуы, ғылыми жарияланымдар, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қатысты құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).

Ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарының  белгіленген талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы шешім қабылдайды.

Конкурстық комиссияның  хатшысы конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

үміткерлерге әңгімелесу өтетін күн туралы;

әңгімелесуге өтпеген конкурстық іріктеуге қатысушыларға конкурстық комиссияның шешімі туралы хабардар етеді.

 

Мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шартының негізгі талаптары:

Мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысымен мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шарты жасалатын болады.  

Бір академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 4 242 (төрт мың екі жүз қырық екі) теңге.

Байланыс деректері: Көкшетау қ., Әуезов көшесі, 214 үй, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақмола филиалы, бас маман-аудармашы, 28 каб., тел. 257224, 8(778)9917555 Шынар Бексеитова, kokch_26@nationalbank.kz

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы
мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар конкурстық іріктеуді жүргізу туралы хабарландыруды орналастырған күннен бастап 5 жұмыс күні бойы мына мекенжай бойынша: 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы, 308-каб. (Искалиев Роллан Омирович). Конкурсқа қатысушының кері мекенжайы көрсетілген (қолмен тапсырған немесе пошта арқылы жіберген) конвертте немесе Iskaliev.R@nationalbank.kz. электронды поштасы бойынша электронды түрде қабылданады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- «Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша жоғары филологиялық немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша білімі;

- қазақ тілін оқыту тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес;

- ғылыми дәрежесі (құптарлық).

Конкурсқа қатысу үшін ҚРҰБ орталық аппаратының мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу жөніндегі  конкурстық комиссиясына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

 - конкурстық іріктеуге қатысушы туралы жалпы мәліметтер көрсетілген түйіндеме;

- жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын және азаматтық әрекет қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері; 

- жоғары (ЖОО-дан кейінгі) білім туралы дипломдардың нотариус куәландырған көшірмелері;

- ұсынымдар (болған жағдайда);

- білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге (біліктілікті арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың  берілгендігі, санаттың болуы, ғылыми жарияланымдар, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қатысты құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда)

Конкурстық комиссия құжаттады қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

үміткерлерге әңгімелесу өтетін күн туралы;

әңгімелесуге өтпеген конкурстық іріктеуге қатысушыларға конкурстық комиссияның шешімі туралы хабардар етеді.

 

Мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шартының негізгі талаптары:

 

Мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысымен мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шарты жасалатын болады.

Бір академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 5 000 (бес мың) теңге.

Байланыс деректері: Алматы қ., Панфилов көш., 98, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы, 308-каб. (Искалиев Роллан Омирович), Iskaliev.R@nationalbank.kz.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қарағанды филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын

конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру

 

 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу өткізу туралы хабарлайды.

 

1. Құжаттар қабылдау күні және орны:

- конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2016 жылдың 04-10 ақпан аралығында мына мекенжай бойынша:  100000, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 19, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы, 51 кабинет, конкурсқа қатысушының  кері мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе пошта арқылы жіберген) конвертте немесе Ainur.Yerbekeyeva@nationalbank.kz  электронды поштасы бойынша электронды түрде қабылданады.

 

2.  Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;

қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;

ғылыми дәрежесі  (құпталады);

3. Конкурсқа қатысушылар талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

- жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі; 

- жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі немесе төлқұжаты);

- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

- ұсынымдар  (бар болған жағдайда);

- білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне  қатысты өзге құжаттардың көшірмелері (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, санатының болуы, ғылыми жарияланымдары туралы, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын  өзге де мәліметтер) (бар болған жағдайда).

4. Жауапты адам конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімдерінде мөр басылған конвертте қолына, пошта арқылы немесе  электрондық түрде электрондық  пошта арқылы қабылдайды.

5. Конкурстық іріктеуді өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру үшін жауапты адам конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде

кандидаттарды  әңгімелесу өткізу күні туралы;

әңгімелесуге рұқсат беруден бас тарту алған конкурстық іріктеуге қатысушыларды конкурстық комиссияның шешімі туралы  хабардар етеді.

6. Мемлекеттік тіл курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының маңызды талаптары, сондай-ақ ақы төлеу мөлшері және шарттары:

- конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шарты жасалады; 

- бір академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 4 050 теңге.

7. Жауапты бөлімшенің (жауапты адамның) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық поштаның мекенжайлары: 

- 100000, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 19, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы, құжаттар 51 кабинетте қабылданады, тел. 8(7212) 41-91-78 А.Т.Ербекеева, электрондық пошта Ainur.Yerbekeyeva@nationalbank.kz.

Сонымен қатар, құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшін негіз болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! 7.02.2016 ж. Алматы уақыты бойынша таңғы 10:00-ден 20:00-ге дейін жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты ҚР Ұлттық Банкінің сайтына http://nationalbank.kz кіру мүмкін болмайды
Ұлттық Банк Төрағасы Д.Т. Ақышевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары туралы ақпараттық хабар

Ұлттық Банк Төрағасы Д.Т. Ақышевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары туралы ақпараттық хабар

ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Д.Т. Ақышев Қазақстан Республикасының өңірлеріне бару жоспары шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысына барды.

Оңтүстік Қазақстан облысына (Шымкент қ.) барған жұмыс сапары барысында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Д.Т. Ақышев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Б. Атамқұловпен және Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р. Әбдірахымовпен кездесті. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму және қаржы секторы, Халықтың ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасының іске асырылу мәселелері талқыланды. Орталық коммуникациялар қызметінің Оңтүстік Қазақстан филиалында ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Оңтүстік Қазақстан облысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз конференциясын өткізді, оның барысында қаржы нарығындағы ағымдағы ахуал туралы өзекті сұрақтарға жауап берді.

Ұлттық Банк Төрағасы Д.Т. Ақышевтың сөйлеген сөзімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайтында таныса аласыздар.  

Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышевтың Шымкент қаласындағы баспасөз конференциясында сөйлеген сөзі

Ұлттық Банк  Төрағасы Данияр Ақышевтың

Шымкент қаласындағы баспасөз конференциясында сөйлеген сөзі  

 

Қайырлы күн, құрметті әріптестер, ханымдар мен мырзалар!

Бүгін мен Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрмін. Бұл – менің Қазақстан Республикасының өңірлеріне бару жоспарындағы бірінші сапарым. Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығына өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен баспасөз конференциясын ұйымдастыруда көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы – серпінді дамып жатқан, айтарлықтай табиғи, еңбек және экономикалық ресурстары бар, өңдеуші өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының даму әлеуеті зор өңір.

       Облыс халқының саны 2015 жылғы 1 желтоқсанда 2,8 млн адамды құрады. Бұл – халқының саны жағынан Қазақстандағы ең үлкен өңір.

2015 жылы өнеркәсіп өнімі көлемінің өсуі 3,1%-ды құрады. Бұл ретте өнеркәсіптің жалпы көлемінің 63%-ын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп 1,3%-ға өсті. Уран өнеркәсібі және металл кендерін өндіру саласындағы техникалық қызметтердің есебінен тау-кен өндіру өнеркәсібі 15,6%-ға өсті.  

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2014 жылғы 1,6%-ға өсумен салыстырғанда мал шаруашылығының 4,0%-ға, өсімдік шаруашылығының 3,1%-ға ұлғаюының есебінен 3,5% -ға ұлғайды.

Жүк айналымының көлемі 7,2%-ға, жолаушы тасымалдау 4,3%-ға өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 0,5%-ға өсті. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 9,9%-ға төмендеді.

Облыстың банк жүйесінде банктердің 20 филиалы және сақтандыру компанияларының 24 филиалы бар. Облыстың банктері өткен жылы 225,4 млрд. теңге сомаға кредиттер берді, оның ішінде заңды тұлғаларға – 97,9 млрд.теңге, жеке тұлғаларға – 127,5 млрд.теңге берілді.

Салалар бойынша берілген кредиттер мынадай болды: өнеркәсіп саласына – 44,4 млрд. теңге, ауыл шаруашылығына – 1,1 млрд. теңге, құрылысқа – 10,7 млрд. теңге, көлік саласына – 3,7 млрд. теңге, байланыс саласына – 0,3 млрд. теңге, сауда саласына – 37,1 млрд. теңге, басқа салаларға – 128,0 млрд.теңге.

 

Инфляция туралы.

2015 жылы Қазақстанда жылдық инфляция 13,6%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 10,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 22,6%-ға, ақылы қызмет көрсету 8,1%-ға өсті.

2015 жылдың қорытындысы бойынша инфляция Оңтүстік Қазақстан облысында 13,2%-ды құрады, бұл іс жүзінде республикалық деңгейге сәйкес келеді. Бағаның барынша өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша 21,1% болып (Қазақстан бойынша – 22,6%) тіркелді. Азық-түлік тауарлары 10,3%-ға, ақылы қызмет көрсету 8,8%-ға қымбаттады.

2016 жылғы қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында инфляция 1,2%-ы құрады, бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 1,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 0,8%-ға, ақылы қызметтер 1,6%-ға өсті.

 

Базалық мөлшерлеме және теңгемен өтімділік туралы.

Соңғы айларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөнінде жүйелі түрде шаралар қабылдауда. Ұлттық Банк 2016 жылғы 2 ақпаннан бастап базалық мөлшерлемені плюс минус 2% ауытқуымен 17% деңгейінде белгіледі. Бұл Ұлттық Банктің банктерге өтімділікті кез келген көлемде 19%-ға жуық мөлшерлеме бойынша беретінін және банктерден өтімділікті  15%-дық мөлшерлеме бойынша алатынын білдіреді.

Бұл шешім ақша-кредит саясатын жетілдіру және ұлттық валютаға деген сенімділікті қалпына келтіру жөніндегі жұмыстың жалғасы болып табылады.

Базалық пайыздық мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кезекті шешімі 2016 жылғы 14 наурызда жарияланатын болады.

Ұлттық Банктің ақша нарығына қатысуы банктерді ұлттық валютадағы қысқамерзімді өтімділікпен толық қамтамасыз етуге бағытталатын болады. 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап бұл көлемдер айтарлықтай ұлғайды және Ұлттық Банктің ақша нарығына қатысу  үлесі нарық көлемінің жартысынан асты. Бұл ретте банктердің баланстарында Ұлттық Банктің алдындағы міндеттемелер 8%-ға дейін, ал жекелеген банктерде 20%-ға жетті.

 

Айырбастау бағамы саясаты туралы.

Кеше айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 368,91 теңге құрады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бері теңгенің номиналды көрсеткіш бойынша бағамы
8.5%-ға әлсіреді.

Теңгенің айырбастау бағамының серпіні сыртқы, сондай-ақ ішкі факторлардың да әсерімен айқындалады. Мәселен, жыл басынан мұнайдың әлемдік бағасы 8,2%-ға төмендеді, Ресей рублі де 6,6%-ға әлсіреді.

Бұл ретте теңгенің бағамына ішкі факторлар, халықтың және банктердің күтулері, бюджет қаражатының қозғалысы және салықтарды төлеу кезеңдері ықпал етеді.

Қазіргі кезде жақын арадағы бағамның айтарлықтай өзгеру ықтималын шамалы деп бағалаймыз. Қазақстанның төлем балансы тұрғысынан жағымсыз сценарийлердің көпшілігі іске асырылды.

Ұлттық Банк өзінің валюта нарығына қатысуын да барынша азайтты. 2016 жылғы қаңтарда Ұлттық Банктің валютаны сату түріндегі өктемдіктері 57,7 млн. АҚШ долларын немесе сауда-саттықтың жалпы көлемінің 2,48%-ын (2 322,2 млн. АҚШ доллары) құрады.

Бұл жағдайда Ұлттық Банк күрт ауытқуларды болдырмау үшін және қаржылық тұрақтылыққа қауіп төнген жағдайда валюта нарығына қатысу құқығын өзіне қалдыра отырып, теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы саясатын жалғастыруға ниетті.

 

Ең төменгі резервтік талаптар туралы.

Ұлттық Банк банктердің өтімділігіне қолдау көрсету және олардың кредиттік белсенділігін арттыру шеңберінде ең төменгі резервтік талаптар тетігіне өзгерістер енгізді. Банктерді ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау үшін қолма-қол ақшаны пайдалануға шектеген талаптар жеңілдетілуде. Бұл өзгеріс банктерде 140 млрд. теңге мөлшеріндегі қосымша өтімділік болуына әкеледі деп бағалаймыз. 

 

Резервтер туралы.

2015 жылдың соңында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 28,1 млрд. АҚШ долларын, ал Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда елдің халықаралық резервтері, 91,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Мысалы, 2007 жылдың соңында, ғаламдық қаржы дағдарысының алдында, елдің жалпы резервтері 38,6 млрд. АҚШ доллары болған.

 

Депозиттер бойынша.

2015 жылы банктердегі депозиттердің көлемі көбінесе валюталық депозиттерді қайта бағалау есебінен 36,6%-ға ұлғайды. Депозиттердің долларлану деңгейі 69%-ға жетті, оның ішінде жеке тұлғалардікі 78,9% болды.

Оңтүстік Қазақстан облысында облыс банктерінің филиалдарындағы депозиттердің жалпы көлемі бір жылда 22,2%-ға ұлғайып, 2016 жылғы 1 қаңтарда 315,1 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық валютадағы салымдар 98,6 млрд. теңгеге дейін 4,7%-ға өсті, шетел валютасындағы салымдар 216,5 млрд. теңгеге дейін 32,2%-ға өсті. Салымдардың долларлану дәрежесі 68,6% болды.

 

Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер туралы.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғарғы мөлшерін 10%-дан 14%-ға дейін белгілеу жөнінде шешім қабылдады, шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлеме 3%-дан 2%-ға дейін төмендетілді.

Бұл теңгемен ашылған депозиттердің тартымдылығын арттыруға және біздің азаматтарымыздың жинақ ақшасының қорғалуына мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, біз АҚШ долларындағы депозиттер бойынша мөлшерлемелердің жаңа деңгейін барабар және қажетті кірістілікті қамтамасыз ететін деңгей ретінде бағалаймыз. Мысал ретінде келтірсек, АҚШ долларындағы депозиттер бойынша мөлшерлемелердің бұл деңгейін Ресейдегі мөлшерлемелермен салыстыруға келеді және дамыған елдердегі мөлшерлемелерден бірнеше есе жоғары болып табылады. 

Біз қолма-қол шетел валютасымен операциялар бойынша немесе депозиттерді алу бойынша қандай да бір шектеулерді қарастырмаймыз және оларды енгізуді жоспарлап отырған жоқпыз. Біз долларлық депозиттерді теңгелік депозиттерге қандай да бір мәжбүрлеп аудару бойынша ешбір іс-қимыл жоспарлап отырған жоқпыз. Бұл жалған ақпарат, оған ешбір негіз жоқ.

Бұрын айтып өткенімдей, қаржы және валюта нарығындағы тұрақтандыру мәселелері азаматтарымыздың есебінен шешілмеуге тиіс.

 

Қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысты.   

Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша 2016 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша банктерге 15810 өтінім берілді. Олардың ішінде 62 млрд. теңгеден астам сомаға 10374 өтінім мақұлданды. Өтінімдерді жинау жалғастырылуда. Ұлттық Банк бөлінген қаражатты игеру қарқынын ұлғайту мақсатында шаралар қабылдауда. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша берілген өтінімдер саны 1408 өтінімді құрайды.  4,3 млрд. теңгеге  1000 өтінім мақұлданды.

Ұлттық Банк Ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру бағдарламасының іске асырылуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және Бағдарламаға әлеуетті қатысушы – қарыз алушыларды барынша көбірек қамту үшін өзгерістер енгізеді. Соңғы уақытта Бағдарламаға:

-  әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын қарыз алушыларды мемлекеттік баж салығының сомасын төлеуден босатуды;

- проблемалық валюталық қарыздарды 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша қайта қаржыландыруды;

- тұрғын үй аумағына қойылатын талаптарды (жалпы аумағы 120 шаршы метрден тұрғын аумағы 120 шаршы метрге) өзгертуді;

- үшінші тұлғалардың кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды қайта қаржыландыру мүмкіндігін көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;

- егер мүлік қаржы ұйымының балансына қабылданған болса, кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігі көзделді  (оның жұмыс істеу тетігі пысықталуда).

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қоғамдық бірлестіктермен және депутаттық корпуспен тығыз ынтымақтастық жолға қойылған.

Қазіргі уақытта Бағдарламаға жаңа өзгерістер топтамасы енгізіліп отыр:

1) біз ПКҚ салымын банктердің игеру кезеңін 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартуды;

2) Бағдарламаға қатысушы банктердің тізімін кеңейтуді;

3) қарыз алушы (бірлесіп қарыз алушы) болып табылмайтын кепіл беруші мен оның зайыбы (жұбайы) үшін 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалғыз баспанасы бойынша шектеудің күшін жоюды;

4) 01.01.2015ж. жағдай бойынша кепілді жылжымайтын мүлікте екі отбасынан көп отбасы мүшелері (жақын туыстар) тұрып жатқан (ресми тіркелген)  қарыз алушылар үшін тұрғын үй алаңы бойынша шектеудің күшін жоюды жоспарлап отырмыз; Атап айтқанда, тұрғын үй алаңы бойынша шектеудің күшін жою туралы шешім Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған жағдайлар ескеріле отырып қабылданды, мұнда жеке-тұрғын үй құрылысы дамыған және үйлерде бірнеше ұрпақтың туысқан отбасылары тұрады.

5) Бағдарламаның критерийлері бойынша тұрғын үй болып табылмайтын (мысалы, коммерциялық жылжымайтын мүлік, саяжайдағы үй және т.б.), бірақ қарыз алушы мен оның отбасы нақты тұратын, қарыз алушы мен оның зайыбы (жұбайы) үшін жалғыз жылжымайтын мүлік болып табылатын меншігінде жылжымайтын мүлігі бар қарыз алушылардың қарыздарын Бағдарламаға енгізуді;

6) Бағдарламаға меншігінде Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін баспанадан басқа қосымша «жеке тұрғын үй құрылысы» деген мақсаттағы жер телімі бар қарыз алушылардың қарыздарын кіргізуді;

7) Бағдарламаға шартты жасау сәтінде «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санаты бойынша ХӘОТ мәртебесі бар, алайда осы мәртебеден 01.01.2015ж. айырылған қарыз алушыларды енгізуді;

8) Бағдарламаға ХӘОТ-ға жатқызылған және 01.01.2015ж. жағдай бойынша меншігінде Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес тұрғын үйі мен жер учаскесінен басқа, қосымша бір бірліктен артық емес коммерциялық жылжымайтын мүлігі бар қарыз алушылардың қарыздарын енгізуді;  

9) банктердің қарыз алушылардың қарыздарын қайта қаржыландыруы туралы Комиссияның шешімдеріне міндетті орындалу сипатын беруді жоспарлап отырмыз. Берілген ұсыныс Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерінің тарапынан қолдау тапты.

Ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тарту алған қарыз алушылардың шағымдарын қарау бойынша комиссияның жұмыс атқаруы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жақсы жұмыс жүргізгенін атап өту қажет.

Біз облыс әкімдігімен бірлесіп қарыз алушылардың проблемалық берешектерін өтеулеріне, атап айтқанда, банктерде Ұлттық Банктің, әкімдік өкілдері мен банктер басшылығының  қатысуымен жеке кездесулер ұйымдастыру арқылы ықпал ету,  сондай-ақ қарызын өтеуге мүмкіндігі жоқ қарыз алушыларды еңбекке орналастыру мәселелерін қарау бойынша жұмысты жандандыруды жоспарлап отырмыз. 

Бүгінгі кездесуге Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Л.Терентьев қатысып отыр, егер Бағдарламаны іске асыруға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, ол барынша толық түсініктеме бере алады.  

Назарларыңызға рахмет, сондай-ақ біз өңірлердің дамуы мен өміріне үлкен көңіл бөлетініміз жөнінде атап өткім келеді.   

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын

конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысына іріктеу өткізу туралы хабарлайды.

1. Құжаттар қабылдау күні және орны:

- конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2016 жылдың 04 мен 10 ақпаны аралығында мына мекенжай бойынша: 120015,  Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 30-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы, конкурсқа қатысушының  мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе почта арқылы жіберген) конвертте немесе kuz_80@nationalbank.kz электрондық почта арқылы қабылданады.

2.  Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;

қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;

ғылыми дәрежесі  (құпталады);

3. Конкурсқа қатысушылар талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

- жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі; 

- жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі немесе төлқұжаты);

- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

- ұсынымдар  (бар болған жағдайда);

- білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне  қатысты өзге құжаттардың көшірмелері (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, санатының болуы, ғылыми жарияланымдары туралы, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын  өзге де мәліметтер) (бар болған жағдайда).

4. Жауапты адам конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімдерінде мөр басылған конвертте қолына, почта арқылы немесе  электрондық түрде электрондық  почта арқылы қабылдайды.

5. Конкурстық іріктеуді өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру үшін жауапты адам конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде

кандидаттарды  әңгімелесу өткізу күні туралы;

әңгімелесуге рұқсат беруден бас тарту алған конкурстық іріктеуге қатысушыларды конкурстық комиссияның шешімі туралы  хабардар етеді.

6. Мемлекеттік тіл курстарын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының маңызды талаптары, сондай-ақ ақы төлеу мөлшері және шарттары:

- конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шарты жасалады; 

- 1 (бір) академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 5 000 (бес мың) теңгені құрайды;

7. Жауапты бөлімшенің (жауапты адамның) орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефондары мен факс нөмірлері, электрондық почтаның мекенжайлары: 

- 120015,  Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 30-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы, құжаттар 112-кабинетте қабылданады, тел.8(7242) 27-22-15, электрондық почта - kuz_80@nationalbank.kz.;

8. Құжаттар топтамасын ұсыну мерзімінің басталуы – 2016 жылғы 04 ақпан сағат 9:00-ден бастап, құжаттар топтамасын ұсынудың аяқталу мерзімі  – 2016 жылғы 10 ақпанда сағат 18:00.

 

Сонымен қатар, құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшін негіз болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын

конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарлайды.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар 2016 жылғы 3 ақпаннан бастап 10 ақпан аралығында мына мекенжай бойынша: 140000, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, 314-кабинет, конкурсқа қатысушының кері мекенжайы көрсетілген (өзі тапсырған немесе почта арқылы жіберген) конвертте немесе pavl_80@nationalbank.kz электрондық почта арқылы электрондық түрде қабылданады.

Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

- «Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша жоғары (ЖОО-дан кейінгі) филологиялық немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша білімі;

- қазақ тілін оқыту тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес;

- ғылыми дәрежесі (құптарлық).

 

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу жөніндегі  конкурстық комиссиясына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

 - конкурстық іріктеуге қатысушы туралы жалпы мәліметтер көрсетілген түйіндеме;

- жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын және азаматтық әрекет қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері; 

- жоғары (ЖОО-дан кейінгі) білім туралы дипломдардың нотариус куәландырған көшірмелері;

- ұсынымдар (болған жағдайда);

- білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге (біліктілікті арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың  берілгендігі, санаттың болуы, ғылыми жарияланымдар, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қатысты басқа да құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).

 

Конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

үміткерлерге әңгімелесу өтетін күн туралы;

әңгімелесуге өтпеген конкурстық іріктеуге қатысушыларға конкурстық комиссияның шешімі туралы хабардар етеді.

 

Мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының негізгі талаптары:

Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушымен мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шарты жасалады.  

Бір академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 6 000 (алты мың) теңге.

 

Байланыс деректері: 140000, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, 314-кабинет, жетекші маман – аудармашы (қаз.) Айнаш Касановна Куланбаева, тел. 8 (718) 32-15-03, электрондық почта: pavl_80@nationalbank.kz.

 

Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Атырау филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды

02.02.2016 ж.

 

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын

конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Атырау филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізетіндігі туралы хабарлайды.

 

  Құжаттарды қабылдау күні және орны:

  конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар 2016 жылғы 03-09 ақпанды қоса алғандағы кезеңге (мекенжайы: 060002,  Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі 2а, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Атырау филиалы) конкурсқа қатысушының  мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе почта арқылы жіберген) конвертте немесе электронды түрде atyur_80@nationalbank.kz электрондық почта бойынша қабылданады.

 

Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;

қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;

ғылыми дәрежесі  (құпталады);

 

Конкурсқа қатысушылар талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

- жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі; 

- жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі немесе төлқұжаты);

- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

- ұсынымдар  (бар болған жағдайда);

- білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне  қатысты өзге құжаттардың көшірмелері (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, санатының болуы, ғылыми жарияланымдары туралы, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын  өзге де мәліметтер) (бар болған жағдайда).

 

Жауапты адам конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімдерінде мөр басылған конвертте қолына, почта арқылы немесе электрондық түрде электрондық почта арқылы қабылдайды.

Конкурстық іріктеуді өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру үшін жауапты адам конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде

кандидаттарды  әңгімелесу өткізу күні туралы;

әңгімелесуге рұқсат беруден бас тарту алған конкурстық іріктеуге қатысушыларды конкурстық комиссияның шешімі туралы  хабардар етеді.

 

Мемлекеттік тіл курстарын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының маңызды талаптары, сондай-ақ ақы төлеу мөлшері және шарттары:

Мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысымен мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шарты жасалатын болады.

Бір академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 4 242 (төрт мың екі жүз қырық екі) теңге.

 

Жауапты бөлімшенің (жауапты адамның) орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефондары мен факс нөмірлері, электрондық почтаның мекенжайлары:

060002, Атырау қ., Уәлиханов көшесі 2а «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Атырау филиалы, Ибраева Нұрбиға Елеусінқызы, маман-аудармашы (қаз.), 310-каб., тел. 8(7122) 32 23 10, факс: 8(7122) 32 23 04, nurbiga.ibrayeva@nationalbank.kz;

Құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшін негіз болады.

 

ҚҰРБ орталық аппаратының мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурстың нәтижесі

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын

іріктеу   жөніндегі  конкурстың нәтижесі

 

1. Ақымбек Съезд Шардарбекұлы - филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі.

2. Иманқұлова Салтанат Меркібайқызы - филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының доценті.

3. Мұсаева Гүлбағиза Әбіласымқызы – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті халықаралық білім беру департаменті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Ақтөбе филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша

конкурс туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2016 жылғы 01-07 ақпан аралығында мына мекенжай бойынша: 030006, Ақтөбе қ., Асау Барақ к-сі, 45-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, жетекші маман-аудармашы, 11-каб. Конкурсқа қатысушының кері мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе пошта арқылы жіберген) конвертте немесе Ussenova@nationalbank.kz электронды поштасы бойынша электронды түрде қабылданады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- «Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша жоғары (ЖОО-дан кейінгі) филологиялық немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша білімі;

- қазақ тілін оқыту тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес;

- ғылыми дәрежесі (құптарлық).

Конкурсқа қатысу үшін ҚРҰБ Ақтөбе филиалының мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу жөніндегі  конкурстық комиссиясына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

 - конкурстық іріктеуге қатысушы туралы жалпы мәліметтер көрсетілген түйіндеме;

- жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын және азаматтық әрекет қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері; 

- жоғары (ЖОО-дан кейінгі) білім туралы дипломдардың нотариус куәландырған көшірмелері;

- ұсынымдар (болған жағдайда);

- білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге (біліктілікті арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың  берілгендігі, санаттың болуы, ғылыми жарияланымдар, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қатысты құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда)

 

Конкурстық комиссия құжаттады қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

үміткерлерге әңгімелесу өтетін күн туралы;

әңгімелесуге өтпеген конкурстық іріктеуге қатысушыларға конкурстық комиссияның шешімі туралы хабардар етеді.

 

Мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шартының негізгі талаптары:

 

Мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысымен мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шарты жасалатын болады.

Бір академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 4 242 (төрт мың екі жүз қырық екі) теңге.

Байланыс деректері: Ақтөбе қ., Асау Барақ к-сі, 45-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, жетекші маман-аудармашы, 11-каб., +7 (713) 2215-691 Гульбану Усенова, Ussenova@nationalbank.kz.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Солтүстік Қазақстан филиалы, 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 6-үй, анықтама үшін телефондар 8 (7152) 46-93-97, факс 8(7152) 46-42-07, жетекші маман – аудармашы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

01.02.2016ж.

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы, 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 6-үй, анықтама үшін телефондар 8 (7152) 46-93-97, факс 8(7152) 46-42-07, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметшісінің лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидаттар қолма-қол (жұмыс күндері 09-00-ден 13-00-ге дейін) немесе почта бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру орналастырылған (жарияланған) күннен бастап (2016 жылғы 01 ақпан – 12 ақпан аралығында (қоса алғанда) 10 (он) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша ұсынуға тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

      жетекші маман лауазымы үшін: білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білім рұқсат етіледі. Жұмыс өтілі – орта кәсіби білімі болған жағдайда Ұлттық Банкте кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда екі жылдан кем емес.      

       Білімі - Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

 Жетекші маман – аудармашы (қаз.) (1 бірлік).

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары филологиялық немесе педагогикалық білім. Орта (филологиялық немесе педагогикалық) білім рұқсат етіледі. Жұмыс өтілі – орта кәсіби білімі болған жағдайда Ұлттық Банкте кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда екі жылдан кем емес.      

 Осы топтың лауазымының функционалдық бағыттары бойынша мемлекеттік немесе қаржылық мекемелерінде жұмыс өтілі болуы құпталады.

         «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарында құжаттандыру және құжаттарды басқарудың типтік ережелерін, осы лауазым мамандығына сәйкес салалардағы қызметті реттейтін өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді білуі керек.

          Функционалдық міндеттері: Құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және/немесе мемлекеттік тілден орыс тіліне аударуды жүзеге асыру. Филиал қызметкерлеріне мемлекеттік тілде істерді жүргізуге әдістемелік және практикалық көмек көрсету; Ұлттық Банктің Мемлекеттік тілдерді қолдану және дамыту бағдарламасы бойынша іс-шараларын іске асыруына қатысу; мемлекеттік тілді үйрету бойынша курстарды ұйымдастыруға қатысу; мемлекеттік тілде іс жүргізуді енгізу.

            Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)  3х4 өлшемді 1 (бір) фотосурет;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

«Түйіндеменің» электрондық нұсқасын (www.nationalbank.kz «Ұлттық Банк туралы» бөлім/«Бос жұмыс орындары»/«Түйіндеме» шағын бөлімі) Нұсқаулыққа сәйкес толтыру және petro_33@nationalbank.kz. электрондық почтаның мекенжайына жіберу қажет.  

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

      Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидаттар қолма-қол (жұмыс күндері 09-00-ден 13-00-ге дейін) немесе почта бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру орналастырылған (жарияланған) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша ұсынуға тиіс.

Кандидаттар жоғарыда көрсетілген